Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Экономикалық ынтымақтастық

САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Ресей Қазақстан Республикасының негізгі сыртқы экономикалық серіктесі рөлін жалғастырып келеді. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылғы өзара сауда серпінінің біршама бәсеңдеуіне қарамастан, салааралық және өңіраралық бағыттардағы екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты сақталуда.

2018 жылғы сауда айналымы 17,6 млрд АҚШ долл. құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артты. Экспорт көлемі 5,2 млрд долл.-ға (+11,3%) жетсе, импорт көлемі 12,4 млрд долл. (+5,6%) құрады.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 18,8% құрап, аталған ел ҚР-ға импорт көлемі бойынша бірінші орында (38,1%) және қазақстандық тауарлар экспортының көлемі бойынша төртінші орында (8,5%).

ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2005 жылдан 2018 жылғы 3-тоқсанға дейінгі мерзімде тікелей инвестициялардың жалпы мөлшері Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына - 3,8 млрд долл., ал Ресейден Қазақстанға – 12,9 млрд долл. сомаларына жетті. Қазақстандық тікелей инвестициялардың жылыстау бағыттары тізімінде Ресей үшінші орынды, ал тікелей инвестициялардың Қазақстанға ағылып келу елдері арасында жетінші орынды иеленуде.

Біздің елде ресейлік капиталдың қатысуымен құрылған 9 294 кәсіпорын әрекет етеді (2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша), бұл көрсеткіш ҚР-дағы шетелдік капитал бар жалпы кәсіпорындар санының үштен бірінен (37,7%) асады.

Қатынастардың қарқынды дамуына ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы 2018-2023 жж. арналған Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының бағдарламасына және екі елдің түрлі өңірлері арасында жасалған 200-ден астам шарттар мен келісімдерге негізделген өңіраралық ынтымақтастық жағдай жасап келеді.

Мемлекет басшыларының қатысуымен 2018 жылғы 9 қарашада Петропавлда өткен ХV Өңіраралық ынтымақтастық форумы дәстүрлі түрде екі жақты экономикалық күн тізбенің басты іс-шарасы болды. Президенттер 2019-2021 жж. арналған ҚР және РФ арасындағы Бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітті. Сонымен қатар, 36 үкіметаралық, өңіраралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Ғарышты меңгеру мен «Байқоңыр» кешенін бірлесе пайдалану салаларындағы әрекеттесудің жоғары қарқыны жалғасып келеді. Бұл саладағы өзара әрекеттесудің құқықтық негізін 1994 ж. 28 наурыздағы ҚР және РФ арасындағы «Байқоңыр» кешенін пайдаланудың жалпы принциптері мен шарттары туралы келісім, 1994 ж. 10 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу туралы үкіметаралық келісім, 2004 жылғы 9 қаңтардағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы ҚР және РФ арасындағы келісім құрайды.

Аталған құжаттарды жүзеге асыру шеңберінде, «Байқоңыр» кешенінің экология және табиғат пайдалану, объектілері мен мүлігінің сақталуы, Байқоңыр қаласындағы қауіпсіздік және тәртіп сақтауды қамтамасыз ету, кедендік бақылау, ғарыш техникасы мен технологияларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық, қала тұрғындарын әлеуметтік қамтамасыз ету және басқа да мәселелерді қамтитын 60-қа жуық халықаралық келісім-шарттарға қол қойылды. 2016-2025 жж. «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану туралы Жол картасы және «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастық тұжырымдамасы жүзеге орындалып келеді.

2018 жылғы 22 тамызда «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды. Хаттама енгізген өзгерістер тараптардың Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» кешені бойынша қазақстандық-ресейлік үкіметаралық комиссияның және жұмыс топтардың отырыстары барысында қол жеткізілген келісімдердің заңды бекітілуін қамтамасыз етті.

Атап айтқанда, ұшу сынақтарының басталу мерзімі 2022 жылға бекітілді, жобада «Ангара» зымыранын қолдану туралы норманың орнына «Бәйтерек» ҒЗК ғарыш аппараттарын «орта дәрежелі перспективалық ресейлік тасымалдаушы зымыранымен» («Союз-5» зымыраны туралы айтылуда) ұшыру үшін арналатыны туралы айқындалды. Бұған қоса, «Бәйтерек» жобасы жүзеге асырылуының қаржылық аспектілерін реттейтін түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер қазақстандық тараптың жоба қаржыландырылуы мәселесін шешуге кірісуі үшін жағдай жасайды деп күтілуде.

Отын-энергетикалық саладағы ынтымақтастық үшін 2018 жылдың маңызды шешімдерінің бірі ретінде 2018 ж. 3 қазанда ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы Мұнай және мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасына жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылғанын атап өтуге болады. Енгізілген өзгерістер мұнай өнімдерінің ҚР мен РФ арасында, сондай-ақ Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерлерге жеткізілімдерін реттеу тетіктерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша практикалық мәселелердің шешілуіне ҚР және РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның және оның құрамындағы 7 шағын комиссиялардың жұмысы зор септігін тигізеді . Шағын комиссиялар банкаралық және инвестициялық, көлiк саласындағы, өңіраралық және шекара жанындағы, әскери-техникалық, отын-энергетикалық кешендегі, ғылым және жаңа технологиялар, сонымен қатар өнеркәсіп саласындағы  ынтымақтастық бағыттары бойынша жұмыс атқарады. 

Бұған қоса, екі жақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп қолдану және қорғау жөніндегі комиссия, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ҚР Үкіметі және РФ Үкіметі арасындағы келісімді жүзеге асыру бойынша қоршаған орта мәселелері жөніндегі казақстандық-ресейлік аралас комиссия және Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі казақстандық-ресейлік комиссия қызмет атқарады.

Соңғы уақытта екі жақты ынтымақтастықтың дәстүрлі сауалдарының Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) көпжақты интеграциялық пішіміне көшірілу үрдісі байқалады.

2018 жылдан бастап ЕАЭО Кеден кодексі туралы шарт күшіне енді. Іскерлік қоғамдастықпен бірлесе жасалған кодекске келіп түскен ұсыныстар мен бастамалардың 70%-на дейін енгізілді. Құжаттың негізгі мақсаттарының бірі – электронды құжат айналымына көші. Бұдан былай, электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда операциялардың басым бөлігін Интернет арқылы, кедендік органның ақпараттық жүйесімен тікелей әрекеттесе отырып жүргізуге болады. Нәтижесінде, декларацияны тіркеу уақыты екі есе, тауарларды шығару уақыты – алты есеге дейін қысқартылды.

Энергетикалық ресурстардың (электр қуаты, газ, мұнай және мұнай өнімдері) ортақ нарықтарын құру жөніндегі жұмыс атқарылып келеді. ЕАЭО мүше-мемлекеттері еңбекшілерінің зейнеткерлік қамтамасыз етілуі туралы келісім-шартқа қол қою жоспарлануда. Ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың концепциясы пысықталып жатыр. Ортақ қаржы нарығының мақсаттары, принциптері мен міндеттері, күтілетін нәтижелері мен қалыптасуының негізгі бағыттарынан басқа, Концепцияда ортақ қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлт деңгейінен жоғары органының құзыреті және функциялары белгіленбек. Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шарттың 103-бабына сәйкес, ұлт деңгейінен жоғары орган 2025 жылдын бастап Алматы қаласында қызмет атқаратын болады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер