Мемлекет басшысының Жолдауы

1 қыркүйек 2023 ж.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

"ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ"

Құрметті отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері!

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын.

Мақаланың толық мәтіні

1 қыркүйек 2022 ж.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

"ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ"

Құрметті депутаттар!

Баршаңызды Парламенттің кезекті сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс.

Мақаланың толық мәтіні

16 наурыз 2022 ж.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

"ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ"

Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым!

Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы  айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да  бөлек. Біз  алдымызға  биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.

Баршаңызға мәлім, былтыр  егемендіктің маңызды белесіне жеттік. Тарихи өлшеммен қарағанда  30 жыл  тым көп уақыт емес. Халқымыз  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен осы кезеңде ауқымды жұмыс атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді.  

Мақаланың толық мәтіні

1 қыркүйек 2021 ж.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

"ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ"

Құрметті қазақстандықтар!

Қымбатты отандастар! Құрметті Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері!

Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз.

Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. 

Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.

Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз.

Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес.  

Мақаланың толық мәтіні

1 қыркүйек 2020 ж.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

"ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ"

Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері!

Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы күрделі кезеңде басталып отыр.

Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда.

Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік.

Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.   

Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.   

Мақаланың толық мәтіні

2 қыркүйек 2019 ж.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ

Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті отандастар! Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!

Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын!

Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.

Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.

Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделдІ әрі орнықты мемлекетке айналды.

Мақаланың толық мәтіні

5 қазан 2018 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

"Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру"

Құрметті қазақстандықтар!

Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық.

Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік.

Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.  

Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік.

Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылдық.

Мақаланың толық мәтіні

10 қаңтар 2018 ж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

"Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері"

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.

Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, "Қазақстан-2050" даму стратегиясын қабылдадық.

Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.

100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.  

Мақаланың толық мәтіні

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан

Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 27 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2011 жылғы 28 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жылғы 29 қаңтар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2009 жылғы 6 наурыз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2008 жылғы 16 ақпан

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2007 жылғы 28 ақпан

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2006 жылғы 1 наурыз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2005 жылғы 16 ақпан

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2004 жылғы 19 наурыз

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2003 жылғы 16 сәуір

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2002 жылғы 16 сәуір

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2001 жылғы 16 қыркүйек

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2000 жылғы 16 қазан


БАҒДАРЛАМАЛАР

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде сөйлеген сөзі. 27 ақпанда 2019

Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы. 21 қараша 2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана клубының төртінші отырысында сөйлеген сөзі. 13 қараша 2018

5 наурыз 2018 ж.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

"Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуі

Құрметті қазақстандықтар!

Наурыз айының еліміздің Тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар.

Біз көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күнін атап өтеміз.

Сонымен бірге, бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде. 

Қымбатты әйелдерімізді де мерекесімен наурыз айында құттықтаймыз.

Осы ізгі оқиғалардың бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы да осыған бағытталған.

Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясатының арқасында барлық сынақтардан абыроймен өттік.

Мақаланың толық мәтіні

16 маусым 2017 ж.

Мемлекет басшысының «Жаңа энергия – жаңа экономика» атты
Х Астана экономикалық форумының пленарлық отырысында
сөйлеген сөзі

Құрметті Форумға қатысушылар!

Қадірлі қонақтар!

Астана экономикалық форумының 10-шы мерейтойлық жиынына қош келдіңіздер!

Форумның тақырыбы «Жаңа энергия – жаңа экономика» Халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің ашыуымен үндес болып отыр.

ЭКСПО-2017 көрмесінде болашақ энергиясына арналған әлемнің үздік ғылыми және инженерлік жетістіктерін көруге болады.

150-ден астам елдер мен халықаралық ұйымдар, сондай-ақ ірі корпорациялар өздерінің энергетика саласындағы ең озық тәжірибелері мен білімдерін алып келетін болады.

Астана экономикалық форумы 10 жылда ашық пікірталасқа арналған маңызды халықаралық алаң ретінде танылды.  

Форумға Нобель сыйлығының лауреаттары, халықаралық ұйымдар мен банктердің басшылары, саяси қайраткерлер, ірі бизнес өкілдері, белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысып отыр.

Баршаларыңызға Қазақстанға келгендеріңіз үшін зор алғысымды айтып, табыс тілеймін!

Мақаланың толық мәтіні


Астана, 25 қаңтар 2017 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын.

Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу.

Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. 

Қазір заманның дидары өзгерді.

Біз де өзгеруге тиіспіз.

Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді.

Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым.

Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады.

Толық мәтіні


Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

КІРІСПЕ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.

Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.

Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.

2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.

Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім.

Мақаланың толық мәтіні


Манифест. «Әлем. ХХІ ғасыр»

Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.

ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр.

Мақаланың толық мәтіні


«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Құрметті қазақстандықтар!

Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын.

Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.

2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.

Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр.  Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам  спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.

Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

Мақаланың толық мәтіні


«Қазақстан – 2050» Стратегиясы

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік

4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

Стратегияның толық мәтіні


Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілді.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезеңі адамзат тарихындағы соңғы жетпіс жыл ішіндегі ең ауыр жаhандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың басталу уақытына дәл келді. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу кезінде әлемдік немесе өңірлік дағдарыстың жағымсыз салдарларына ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінді.

Тау онжылдықта мемлекет қызметінде бес негізгі бағыт басымдықта болады:

  • дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық;
  • индустрияландыру және инфрақұрылымдық даму арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;
  • болашаққа инвестиция ­– орнықты экономикалық өсім, өсіп-өркендеу және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының жетістігі үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын арттыру;
  • тұрғындарды сапалы әлеуметік және тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету;
  • ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын нығайту.

2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

  • Қазақстан 2020 жылға қарай экономикасы әртараптандырылған және халқы жаңа экономикаға белсенді тартылған, әлемдік дағдарыстан шыққан анағұрлым күшті және бәсекеге қабілетті елге айналады.
  • Қазақстан 2020 жылға қарай қолайлы іскерлік ахуалы бар, елдің шикізат секторында елеулі шетел инвестициясы тартылған, әлемнің ең бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіретін болады.
  • 2020 жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.
  • 2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.
  • 2020 жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.

2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудағы басты жетістік Қазақстанның экономикалық өсімінің құрылымын сапалық жақсарту және дәйектілікпен әртараптандырылуы нәтижесінде ел азаматтарының әл-ауқатын елеулі түрде арттыру болуы керек.

Стратегияның толық мәтіні


Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді.

Бағдарлама мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту;
  • индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру;
  • экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру;
  • экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

  • 7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды;
  • ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
  • экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
  • өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
  • өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру.

Бағдарламаның толық мәтіні


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді.

(Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлығымен өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы кіріктірілді)

Мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:

  • жоғары және бірінші санатқа ие жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 49%, 2020 жылға қарай - 54%;
  • 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтуды ұлғайту, 2015 жылға қарай - 77,7%, 2020 жылға қарай - 100%;
  • Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсібидаярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 80%;
  • мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылуын ұлғайту, 2015 жылға қарай - 78%, 2020 жылға қарай - 80%;
  • әлемнің үздік университеттері рейтингіндекөрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындары санын ұлғайту, 2015 жылы - 1,2020 жылы - 2;
  • халықаралық стандарттар бойынша институциональдық тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары үлесін ұлғайту,2015 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 65%;
  • жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іскеасыруға белсенді түрде қатысатын жастар санын ұлғайту, 2015 жылға қарай - 31%, 2020 жылға қарай - 55%.

Бағдарламаның толық мәтіні


Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты.

Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады:

  • мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау;
  • мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
  • мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру;
  • мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесін арттыру;
  • мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
  • қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу;
  • тiл мәдениетiн жетiлдiру;
  • коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi;
  • Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау;
  • ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену

Қазақстанда Тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілуге тиіс:

  • мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);
  • мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
  • мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);
  • тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);
  • қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);
  • республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай - 90%);
  • ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);
  • республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);
  • үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15 %-ға дейiн) ұлғайту.

Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.

Бағдарламаның толық мәтіні


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен қабылданды.

Бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.

Бағдарламаның міндеттері болып саналады:

  • Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту; аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру;
  • денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру;
  • ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай мақсатты индикаторға қол жеткізуге тиіс:

  • 2020 жылға қарай өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді;
  • 2020 жылға қарай халық денсаулығының индексі 20 % - ға жетеді;
  • 2020 жылға қарай халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі.

Бағдарламаның толық мәтіні