Ақпарат
8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі 57 елдің азаматтары үшін 30 күндік визасыз режимді қайта жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Төменде көрсетілген шетелдіктерге елге визасыз кіру мүмкіндігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 17-тармағында көзделген.
Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 күннен аспаса, Аустралия Одағының, Америка Құрама Штаттарының, Аустрия Республикасының, Бахрейн Корольдігінің, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ватикан Қасиетті Тағының, Вьетнам Социалистік Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Испания Корольдігінің, Индонезия Республикасының, Италия Республикасының, Канаданың, Қатар Мемлекетінің, Кипр Республикасының, Колумбия Республикасының, Корея Республикасының, Кувейт Мемлекетінің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Князьдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің, Мажарстанның, Малайзияның, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының, Монако Князьдігінің, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оман Сұлтандығының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румынияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Сингапур Республикасының, Словак Республикасының, Словения Республикасының, Таиланд Корольдігінің, Түркия Республикасының, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Филиппиндер Республикасының, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Хорватия Республикасының, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің және Эстония Республикасының азаматтары күнтізбелік 180 күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Аталған елдің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатпен болуын күнтізбелік 30 күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзіммен "іскерлік" санатындағы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.
2022 жылғы 8 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен біржақты түрде, Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 14 күннен аспаса, Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары күнтізбелік 180 күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік 42 күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.
Шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының визалық тәртібі сілтемені қараңыз
Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге арналған құжаттар тізбесі:
Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері:
– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 4 530 Ресей рублі;
– көп мәртелік виза – (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 11 320 Ресей рублі;
– туристік бір мәртелік виза – 3 400 Ресей рублі;
– туристік көп мәртелік виза – 5 100 Ресей рублі;;
– транзиттік бір мәртелік виза – 1 135 Ресей рублі;
– транзиттік көп мәртелік виза – 5 100 Ресей рублі;.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым қайтарылуға жатпайтынына назар аударамыз.
Құжаттар жеке өзі жүгінген кезде ғана қабылданады және беріледі
(сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда өзге азаматтардан құжаттарды қабылдап/беруге болады)