Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Президент

ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

1953 жылы 17 мамырда туған.

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Пекин лингвистикалық институтын (КХР), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Саяси ғылымдарының докторы. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті докторы және профессоры. Женева дипломатия және халықаралық қатынастар институтының құрметті докторы.

Бүкіләлемдік Жаратылыстану және гуманитарлық академиясының толық мүшесі. Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті Елші.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Мемлекеттік хатшы, Сыртқы істер министрі. Үшінші, төртінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, Қарусыздандыру конференциясының Бас хатшысының қызметінен 2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаттығына тағайындалып, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

2017 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында Президенттің ұсынысы бойынша жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып қайтадан сайланды.

2019 жылғы 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, келесі президент сайлауына дейін мемлекет басшысы болды.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер