ТМД

1991 жылғы 8 желтоқсанда Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының және Украинаның басшылары Беловеж тоғайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында он бір егеменді мемлекет (Грузияны қоспағанда) басшылары аталған Келісімнің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі сапаларында ынтымақтастыққа бейімділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады.

1993 жылдың желтоқсанында Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес, ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғы бойынша іс-қимыл жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және тең құқықты субъектілері болып табылады.

Қазіргі уақытта Атқарушы комитеттің Төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев болып табылады.

Тәжірибеге сәйкес, жыл сайын ТМД мемлекет басшыларының 1 ресми және 2 бейресми отырыстары, ТМД үкімет басшыларының 2 отырысы және ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2 отырысы өтеді.

Достастыққа көпжақты өзара іс-қимылдың түрлі сапаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделілік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады.

ТМД қызметінің тиімділігін арттыру, оның құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы мен оны іске асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылдың қазанында Душанбеде мақұлданды. Олардың негізінде ТМД-ның Экономикалық дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиясы әзірленіп, қабылданды.

Сауда–экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамуының дәлелі 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында ТМД мүше мемлекеттер арасында ұлттық экономикалар мен жалпы Достастық әлеуетінің дамуына қосымша серпін беруге бейімделген Еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қою болды.

2011 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

2011 жылы 21 желтоқсанда Мәскеу қаласында өткен мерейтойлық саммитте мемлекет басшылары Достастықтың 20 жылдық қызметінің және оның даму перспективасы қорытындысына баға беріп, осы үлгідегі достастыққа бейімділігін және Достастыққа мүше мемлекеттердің өзара түсіністіктері мен өзара қатынастарын күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейін шын мәнінде жақсарту, олардың әл-ауқатын өсіру, өзара қарым-қатынасты кеңейту жөніндегі Достастықтың жұмысынан іс-жүзіндегі қайтарымды арттыруға жәрдемдесу ниеттерін растады.

2012 жылғы 5 желтоқсанда мемлекет басшыларының Ашхабад саммиті қорытындысы бойынша қабылданған мемлекет басшыларының декларациясында мемлекеттердің дайындығы мен өңірлік және өңіраралық өзара қатынастардың жүйесін қалыптастыруда, қазіргі заманның талаптарына сай келетін ынтымақтастықтың өміршең және тиімді тетігін орнатуда ТМД рөлін күшейтуге одан әрі жәрдемдесу көрініс табады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында саяси өзара қатынас негізінде Сыртқы істер министрлерінің кеңесі арқылы іске асады, оның шеңберінде көп деңгейлі сімаралық консультациялар сияқты ынтымақтастық нысаны жұмыс істейді.

2014 жылы халықаралық ұйымдар, Ауғанстандағы жағдай, консулдық ынтымақтастық шеңберінде мемлекеттердің өзара іс-қимылдары, жаңа сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланған 11 консультациялар өткізілді.

Достастық шеңберінде жаңа қыр көрсетулер мен қауіптерге ден қою мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктері құрылды. Осы бірлескен қызмет шеңберінде келісілген қағидаттар, міндеттер, негізгі бағыттар, нысандар, ынтымақтастық жүйесі және өзара қарым-қатынастар тұжырымды түрде анықталды. Олардың іс жүзінде іске асуы үшін қылмысқа, терроризмге және экстремизмнің басқа зорлық белгілеріне, есірткі заттарының заңсыз айналымына, психотропты заттарға және олардың прекурсорларына, заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрестің біріккен шараларының мемлекетаралық орта мерзімді бағдарламалары қабылданады. ТМД мүше мемлекеттердің қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдар бойынша ынтымақтастықты реттейтін халықаралық құқықтық құжаттарға қатысуын ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жүйесінің негізі Достастықтың салалық органдары болып табылады. Олардың құрамында гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес және ТМД мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры бар.

Олардың тікелей көмегінің арқасында 2013 жылы ірі мәдени және қоғамдық іс-шаралар: Шығармашылық және ғылыми зиялы қауымның VIII-Форумы (қыркүйек, Минск қ.), Мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлер съезді, ТМД мүше мемлекеттердің халықаралық спорттық ойындары, ТМД елдерінің Жастар симфониялық оркестрінің гастрольдік-білім беру туры және т.б. өткізілді.

Осындай іс-шаралар: халықаралық жастар ынтымақтастығың 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына, Дене шынықтыру және спортты дамыту стратегиясына, Туризм шеңберіндегі ТМД мүше мемлекеттер ынтымақтастығының даму стратегиясына, Мәдениет саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасына, 2013-2014 жылдарға арналған гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

ТМД мүше мемлекеттердің арасындағы мәдени қатынастарды кеңейту және жаңа сапалы мазмұндармен толықтыру мақсатында, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшыларының Кеңесі 2014 жылы Алматы қаласы мен Ош қаласын, ал 2015 жылы Воронеж және Куляб қалаларын ТМД-ның мәдени астаналары деп жариялап, 2013 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасында және Түрікменстанда «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады.

2014 жылы 10 қазанда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2015 жылы ТМД-да төрағалық қызметін Қазақстан Республикасы атқаратыны туралы шешім қабылданды.

2015 жылы ТМД-ға төрағалық шеңберінде Қазақстан мынадай бағыттарға күш салды:

- Достастықтағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту, ТМД кеңістігінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қолдауға бағытталған бастамаларға жәрдем беру;

- Көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешуде Ұйымның рөлін арттыру;

- Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, оның ішінде өндіріс, энергетика, көлік пен коммуникация және басқа да салаларда ынтымақтастықты жандандыру;

- Ғылым, білім, туризм, жастар саясаты салаларындағы ынтымақтастықпен бірге мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту.

ТМД шеңберінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығын бірге атап өту 2015 жылдың негізгі аспектісі болды.

Төрағалық барысында Қазақстан тарапы Үкімет басшылары кеңесінің отырысын (2022 ж. 28 қазанда Астана к.), Сыртқы істер министрлерінің кеңесін (2022 жылғы 12 қазанда Астана қ.) және ТМД Мемлекет басшыларының кеңесін (2022 ж. 14 қазанда Астана к.) өткізді.

Шуақты Наурыз мерекесіне орай Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірлескен мәлімдемесі