8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
2021 жылғы халық санағы бойынша Ресей Федерациясындағы қазақтардың саны 591 970 адамды құрады. Ресей қазақтарының көпшілігі қазақ-ресей шекарасында тұрады. Ең көп қазақтар Астрахан (143 717), Орынбор (107 734), Омбы (69 407) және Саратов облыстарында (64 065) тұрады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Бүкіләлемдік қазақтар ассоциациясы тарапынан шетелдегі отандастарымыздың топтарына (оның ішінде Ресей аумағында орналасқан), тиісті мәдени-гуманитарлық және практикалық қолдау көрсетіледі. ҚР мен РФ арасындағы шекарааралық мәдени байланыстар белсенді дамуда. Ресейдегі отандастарымыз өздерінің өзекті мәселелерін талқылау үшін үлкен және кіші құрылтайлар өткізеді. Өз кезегінде аталмыш жиындар жақсы дискуссиялық алаңға айналып, тиімді қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндіктерін береді.
Ресейдің аймақтары мен қалаларында 50 шамасында қазақ мәдени-ұлттық және қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Олармен жүргізілетін жұмыстар барысында ана тілді, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтап қалу мәселелері қамтылады.
Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігі, Бас Консулдықтары мен Консулдықтары тарапынан отандастардың қоғамдық ұйымдарымен конструктивті қарым-қатынас ретке келтірілген және мәдени-гуманитарлық салада бірлескен іс-шаралар өткізіледі.
Отандастарды қолдау бiрыңғай байланыс орталығы:
"Бір терезе" қағидасымен жұмыс істейтін орталықтан шетелдегі қандастар Қазақстан азаматтығын алу, әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдерді төлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік көмектер мен оралман квотасын алуға қатысты ақпараттарды ала алады. Одан бөлек, орталық шетелдегі қандастарға мемлекет тарапынан берілетін түрлі бағдарламаларды түсіндіріп және оларға қатысу үшін құжат жинауға қолдау көрсетеді.
Шетелдегі бауырлар байланыс орталығына 1404 (ұялы телефонға арналған), 8-800-080-1404 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу), +7 (7172) 981404 (Шетелден қоңырау шалу), + 7 701 000 14 04 (WhatsApp, Telegram), E-mail: komek@oq.gov.kz, Skype: komek@oq.gov.kz нөмірлері бойынша хабарласа алады.
Қазақ тілін дамыту бойынша сайттар тізімі:
www.tilalemi.kz – ақпараттық-танымдық портал;
www.tilqural.kz – қазақ тілін оқытуға арналған портал;
www.tilmedia.kz – қазақ тілін оқытуға арналған портал;
www.balatili.kz – балалардың тіл меңгеруіне көмектесетін интернет ресурс;
www.sozdikqor.kz – сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтауға көмектесетін қосымша;
www.termincom.kz – қазақ терминдерінің электрондық қоры;
www.emle.kz – қазақ тілі орфографиясының анықтамалығы;
www.qujat.kz – мемлекеттік тілде іс жүргізушілерге арналған көмекші құрал;
www.qazlatyn.kz – қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты әзірленген сайт;
www.atau.kz – ономастикалық атауларға арналған сайт.