8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Сириядағы жанжал тараптары арасындағы атысты тоқтату туралы келіссөздер өткізу орны ретінде Астана қаласын ұсынды.
Қақтығысты дипломатиялық диалог үнқатысу реттеуге қосқан Астананың үлесін Біріккен Ұлттар Ұйымы мен көптеген әлемдік көшбасшылар мойындап отыр. Астана процесі Женевадағы келіссөздерді толықтырады; екеуі Сириядағы қақтығыстың бейбіт және тұрақты шешуін қамтамасыз етуге арналған.
Бұл кездесу 2016 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылған атысты тоқтату туралы келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Ресей, Иран және Түркияның қолдауымен Сирияның қарулы оппозициясы мен Сирия үкіметінің өкілдері арасында жанама келіссөздер өтті. БҰҰ делегациясы дәнекер ретінде қатысты. АҚШ делегациясы байқаушы ретінде қатысты. Бұл келіссөздер Сирия үкіметі мен қарулы топтар өкілдерінен құралған оппозициялық делегация қатысқан алғашқы келіссөз болып табылады.
Нәтижелер
Кепілгер мемлекеттер Сириядағы атысты тоқтатуды бақылаудың үшжақты тетігін құруға келісті; «ДАИШ» және «Әл-Нусра майданына» қарсы күресте ынтымақтасуға дайындығын білдірді; Астана алаңында нақты мәселелер бойынша кездесулер өткізу туралы уағдаласты.
БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураның айтуынша, «Қазақстан халықаралық аренадағы ең күрделі жағдайларды шешу үшін өз күш-жігерін көрсетті»... [және] БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі Сирия қақтығысын шешуге қосымша мүмкіндік береді».
Бұл келіссөздерге үш кепілгер мемлекет – Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ Сирия үкіметі мен қарулы оппозицияның өкілдері қатысты. БҰҰ, АҚШ және Иордания делегациялары байқаушы ретінде қатысты.
Нәтижелер
Кепілгер мемлекеттер БҰҰ-ға есеп беретін, атысты тоқтату режимін сақтау мониторингі жөнінде Бірлескен жұмыс тобын құруға уағдаласты; бітімге қосылған аумақтар туралы ереженің жобасын келісті; тұтқындар алмасу туралы ереженің жобасын талқылады.
Кездесуге Ресей, Түркия және Иран өкілдері, сондай-ақ Сирия үкіметінің делегациясы қатысты. БҰҰ, АҚШ және Иордания делегациялары байқаушы ретінде қатысты.
Нәтижелер
Кепілгер мемлекеттер Сириядағы атысты тоқтатудың жай-күйін және бітімге қосылған аумақтардағы жағдайды қарастырды; тұтқындар алмасу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені, Сирия конституциясы бойынша жұмыс тобын құрудың шарттарын, «ДАИШ» және «Әл-Нусра майданы» сияқты террористік топтардың және қарулы оппозициялық топтардың орналасқан жерлерін көрсететін бірыңғай картаны құру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Сириядағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра объектілерін минадан заласыздандыру мәселесі қаралды.
Астана процесінің төртінші кездесуіне Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозиция өкілдері қатысты. АҚШ, БҰҰ мен Иордания делегациялары байқаушы ретінде қатысты.
Нәтижелер
Кепілгер мемлекеттер Сирияда қауіпсіз аймақтарды құру туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, зорлық-зомбылықты дереу тоқтату, гуманитарлық жағдайды жақсарту және Сириядағы қақтығысқа саяси реттеу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Идлиб, Хомс, шығыс Гута, сондай-ақ Дераа және Кунейтра провинцияларында қауіпсіздік аймақтары құрылады.
Иран, Ресей және Түркия кепілгер мемлекеттердің делегациялары Сирияның егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына өз бейілділігін растай отырып, Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Сондай-ақ олар Сириядағы қақтығыстың шешімі саяси жолмен ғана мүмкін екеніне сенім білдірді.
Келіссөздерге Сирия үкіметінің, Сирия қарулы оппозициясының, ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің кепілгерлері – Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы мен Иран Ислам Республикасының делегациялары және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Сирия жөніндегі Арнайы өкілі Стаффан де Мистура, байқаушылар ретіндегі Иордан Хашимит Корольдігі мен Америка Құрама Штаттарының өкілдері қатысты.
Нәтижелер
Иран, Ресей және Түркия кепілгер мемлекеттердің делегациялары ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимін бірлесе күшейту мен сириялық жанжалдағы тараптар арасында өзара сенім орнату бойынша іс-қимыл жасауға бел байлағандарын білдірді. Кепілгер мемлекеттер ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің бұзылмауын талап етуде. Кепілгер мемлекеттер меморандумға сәйкес деэскалация аймақтары бойынша Бірлескен жұмыс тобының (БЖТ) құрылуын қолдап, оның Ережесін қабылдады. Деэскалация аймақтарының шекараларын айқындаудағы ілгерілеушілік атап өтілді. Сонымен бірге, БЖТ-ға деэскалация аумақтары жұмыс етуінің операциялық және техникалық шарттарын жасауды аяқтау тапсырылды.
Астана процесінің алтыншы раундына Сирия үкіметі мен Сириядағы қарулы оппозиция делегациялары, соғыс қимылдарының тоқтатылуына Кепілдік беруші елдер (Иран, Ресей және Түркия), сондай-ақ БҰҰ, Иордания және АҚШ-тың жоғары өкілдері қатысты.
Нәтижелер
Иран, Ресей және Түркия кепілгер мемлекеттердің делегациялары аясында «Шығыс Гутада, Хомс провинциясының солтүстігіндегі кейбір бөліктерде, Идлиб провинциясында және көршілес провинциялардың (Латакия, Хама және Алеппо провинциялары) кейбір бөліктерінде, сондай-ақ Сирияның оңтүстігіндегі кейбір аудандарда деэскалация аймақтарын құру туралы» жарияланды.
Құжатқа сәйкес Деэскалацияны бақылау күштерінің әрекеттерін келісу үшін Иран-Ресей- Түркия бірлескен үйлестіру орталығы құрылуда.
Кепілдік беруші елдер “жоғарыда аталған деэскалация аймақтардың қызметі басталғанының нәтижесінде терроризмге қарсы күресте және ДАЕШ, “Джабхат ан-Нуср” және “Әл-Қаида” немесе ДАЕШ-пен одақтас барлық басқа да тұлғалар, топтар, кәсіпорындар мен ұйымдарды жоюда ілгерілеу болғанын” атап өтті және “олармен деэскалация аймақтардың ішінде де, олардан тыс аймақтарда да күресу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға бейілділіктерін растады”.
Астанада Иран, Ресей және Түркия сияқты атысты тоқтату режимінің кепілгер елдері делегацияларының, Сирия үкіметі мен қарулы оппозициясының, БҰҰ, АҚШ пен Иорданияның жоғары өкіледерінің қатысуымен Сирия бойынша халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу өтті.
Нәтижелер
Сирия жөніндегі Астана процесінің жетінші раунды сириялық жанжалды кешенді реттеу мәселелері көрсетілген Иранның, Ресейдің және Түркияның ортақ мәлімдемесімен аяқталды.
Мәлімдемеде деэскалация аймақтары жұмыс жасай бастағаннан бері терроризмге қарсы күресте және ИГИЛ/ДАИШ, "Джабхат ан-Нусры" және басқа да террористік топтарды жоюда қол жеткізген жетістіктер аталған. Құжат Женевадағы БҰҰ қолдауымен саяси реттеуді ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді жандандыруға, сондай-ақ Ұлттық диалог конгресін Женева үдерісіне сәйкес өткізу туралы ресейлік бастаманы қарастыруға шақырады. Халықаралық гуманитарлық көмек көрсетуді күшейтудің және ұсталғандарды босату, өлі денелерді қайтару мен жоғалған адамдарды іздестіру сияқты сенім шараларын кеңейтудің маңыздылығы аталды. Тараптар Астаналық процестің аясындағы кезекті сегізінші кездесуді 2017 жылы желтоқсан айының екінші жартысында өткізуге уағдаласты.
Келіссөздерге Сирия үкіметінің, Сирия қарулы оппозициясының, ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің кепілгерлері – Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы мен Иран Ислам Республикасының делегациялары және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Сирия жөніндегі Арнайы өкілі Стаффан де Мистура, байқаушылар ретіндегі Иордан Хашимит Корольдігі мен Америка Құрама Штаттарының өкілдері қатысты.
Нәтижелер
Мәлімдемеге сүйенсек, Сириядағы терроризммен күресте көптеген жетістікке қол жеткізілген. Атап айтқанда, ИЛИМ ойсырата жеңіліп, ел аумағы олардан біржола тазартылды. Сонымен қатар ИЛИМ, "Джабхат Ан-Нусры" және басқа да лаңкестік ұйымдармен күрес жалғаса беретіні, олардың өзге де елдер мен аумақтарға қоныс аударуына жол бермеудегі түбегейлі шешімдері де айтылған. Кепілгер үш ел таратқан мәлімдемеде сириялық қоғам өкілдерінің қатысуымен 2018 жылғы 29-30 қаңтарда Сочиде өтетін сириялық ұлттық диалог конгресіне дайындық мәселелері аталып өткен.
Келіссөздерге Сирия үкіметінің, Сирия қарулы оппозициясының, ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің кепілгерлері – Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы мен Иран Ислам Республикасының делегациялары және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Сирия жөніндегі Арнайы өкілі Стаффан де Мистура.
Нәтижелер
Кепілгер үш елдің БҰҰ және Халықаралық қызыл крест комитеті сарапшыларының қатысуымен ұсталғандар мен тұтқындарды босату, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу және қаза тапқандардың мүрделерін беру жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысын өткізгендігін қолдаймыз. Жұмыс тобының атқарылған жұмыстар туралы есеп мәліметтерін қабылдадық және Сириядағы жанжалдасушы тараптардың арасындағы сенімді нығайту мақсатында бірлескен күш-жігерді жалғастыру қажеттігін қуаттадық. Жұмыс тобының келесі отырысын 2018 жылдың маусымында Анкарада өткізуге уағдаластық.
Сонымен қатар аталған құжатта БҰҰ ҚК 2254 қарары ережелерін басшылыққа ала отырып, Сочиде өткен Сириялық ұлттық диалог конгресі ұсыныстарының орындалуына жәрдемдесу жолымен саяси реттеу процесін ілгерілету үшін бірлескен күш-жігерді жалғастыруға дайын екендіктерін қуаттағандығы айтылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақстандық билікке Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі 9-халықаралық кездесуді Астанада өткізгендігі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі келесі халықаралық кездесуді 2018 жылдың шілдесінде Сочиде өткіземіз деп шештік.
Сочиде САР Конституциялық комиссиясының құрылуы талқыланды: келіссөздердің бірінші күні Сирияның азаматтық қоғамынан комиссияға кандидаттар құрамы бойынша консультациялар өтті, екінші күні – БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистура кепілгер елдерге комиссияның алдын ала тізімдерін және оның мүшелерін тағайындау тәсілдерін ұсынды. Пікірталас орталығында Сириядағы бітімді ұзарту және кеңейту, тұтқындар мен ұрланған адамдарды босату, Идлиб провинциясындағы жағдай сияқты мәселелер болды.
Тараптар Сирия жөніндегі ХІ халықаралық кездесуді Астанада ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан билігінің атына өздерінің алғыстарын білдірген. Сонымен қатар Бірлескен мәлімдемеде тараптар Сирия Араб Республикасының БҰҰ Жарғысы мен қағидаттарына сәйкес егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығының бұзылмауын қолдайды делінген. Осы қағидаттар жаппай сақталып, Астана форматында қол жеткізілген келісімдерді бұзатын барлық әрекеттерге жол берілмеуі керек.
Сонымен қатар кепіл беруші тараптар терроризмге қарсы күрес дегенді сылтауратып Сирияның егемендігі мен территориялық тұтастығына қол сұғатын сепаратистік әрекеттерге қарсылық білдіруге келіскені жарияланды.
Мәлімдемеде тараптардың 2018 жылдың 30-31 шілдесінде соңғы рет кездескеннен бергі Сириядағы жағдайдың қалай дамығаны талқыланғаны айтылып, қол қойылған шартқа сәйкес үшжақты үйлесімділікті нығайта беруге келісілгені де сөз болған. Сонымен бірге Идлиб деэскалация аймағындағы жағдай талқыланып, ондағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі Меморандумның орындалуына тараптар дайын екендігі атап көрсетілген. Атысты тоқтатудың маңыздылығы да аталып, алайда деэскалация аймағын құру Сирияның тәуелсіздігі, егемендігі және аумақтық тұтастығына қол сұқпауы керектігі айтылған.
Тараптар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік ұйымдар деп таныған ИЛИМ, «Джабхат ан-Нусра» және басқа да «Әл-Каидамен» байланысы бар адамдар мен ұйымдардың жойылғанын қалайды. Ал Сирияның барлық қарулы оппозициясының құрылымдарын бұл ұйымдардан іргесін аулақ салуға шақырады. Сирияда химиялық қару қолданылғаны айыпталып, тараптар осы оқиғаға байланысты кәсіби тексерісті халықаралық Химиялық қаруды қолдануға тыйым салу жөніндегі ұйымның жүргізгенін қалайды.
Сонымен бірге тараптар Жұмыс тобы шеңберіндегі қанатқақты жобаның негізінде тұтқындар алмасылғанын, өлгендердің мәйітін беру жұмыстарының жүргізілгенін қолдайды. Ал босқындардың Отанына оралуына барлық қауіпсіздік жағдайлардың жасалуын қолдайтындығы да айтылған. Сондай-ақ Мәлімдемеде тараптар БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы өкілі С.де Мистуреге кикілжіңді реттеу бағытында жасаған жұмыстары үшін алғыс білдірген.
Сөйтіп кезекті кездесу аяқталды. Ал келіссөздердің келесі раунды 2019 жылдың ақпан айында Астана қаласында өткізілсін деген шешім қабылданды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша кепілгер елдер – Иран, Ресей мен Түркия бірлескен мәлімдеме жасады. Кепілгер елдер Сирияға гуманитарлық көмекті арттыруға шақырып отыр.
Сонымен бірге, кепілгер елдер Сирия аумағындағы террористік ұйымдардың топтарын түпкілікті жоюда серіктестіктің жалғаса беретінін жариялады. Кепілгер елдер ДАИШ топтарын түпкілікті жоюда серіктестікті жалғастырмақ Әлемдік қауымдастықтар Сирия тарихының қайғылы парағын жабуы керек Астана процесіне Ирак пен Ливан қосылуы мүмкін.
Сирия бойынша Астана процесінің келесі отырысы осы жылдың шілде айында өтеді.
Астана процесінің кепіл елдері Идлибтегі бейбіт халықтың қауіпсіздігін сақтау үшін нақты шара қабылдауға келісті. Бұл туралы Астана форматындағы Сирия бойынша халықаралық кездесуді қорытындылай келе, Ресей Түркия және Иран елдері бірелесе жасаған мәлімдемеде айтылған.
Тараптар Қазақстанның билік өкілдеріне келіссөздердің кезекті раундын өткізгені үшін ризашылығын білдірді.
Процестің кепіл елдері Астана форматының жаңа бақылаушылары ретінде Ирак пен Ливан делегацияларының қатысуын оң бағалап, олардың Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға үлес қосқанына сенім білдірді.
Астана процесінің кепіл елдері үш жақты форматта, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Гейр Педерсеннің кеңсесі өкілдерімен бірге консультация жүргізді. Олар Сочидегі Сирия ұлттық диалогы конгрессінің шешіміне сәйкес Женевада Конституциялық комитет құру және жұмысын бастау мәселесін талқылады.
Сирия бойынша Астана процесінің келесі отырысы осы жылдың қазан айында өтеді.
Кездесуге Иран, Ресей және Түркия кепілгер елдерінің, сондай-ақ Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозициясының делегациялары қатысты. Бақылаушылар ретінде БҰҰ делегациясы Сирия бойынша Бас хатшының арнайы өкілі Гейр Педерсеннің басшылығымен қатысуда. Кездесуге қатысушылар САР егемендігін және Адан келісімінің іс-қимылын сақтаудың маңыздылығын растады, Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады және осы аймақтағы ұзақ мерзімді қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау негізінде ғана қол жеткізуге болады деп келісті.
Кездесуге қатысушылар 2019 жылғы 22 қазандағы Сирияның солтүстік-шығысындағы тұрақтандыру туралы Меморандумға қол қойылуын құптап, 1998 жылғы Адан Келісімінің маңыздылығын растады. Адан келісімі бойынша түрік әскерлері Күрд жұмысшы партиясымен күресу үшін Сирияға бес шақырым тереңдікке уақытша кіре алады. Кепілгер елдер күштеп ұсталғандарды, кепілдікке алынғандарды босату жөніндегі операцияларды жалғастыруға шешімін растады және БҰҰ Халықаралық қоғамдастығы мен оның гуманитарлық агенттіктерін Сирияға көмек көрсетуді арттыруға шақырды.
Сочиде Астана процесінің кепілгер елдері-Ресей, Иран және Түркия, сондай – ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары өтті. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемеде кепілгер елдер Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығына өздерінің бұлжымас бейілділігін растады.
Олар "жер бетінде" жаңа шындықты құрудың барлық әрекеттерін, соның ішінде терроризммен күресу сылтауымен өзін-өзі басқарудың заңсыз бастамаларын қабылдамады және Зайвфратидегі Сирияның бірлігін бұзуға бағытталған және көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сепаратистік жоспарларға қарсы тұруға бел буды. Осыған байланысты бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған әскери іс-қимылдардың жандануына қатысты алаңдаушылық білдірді. Ресей, Түркия, Иран Сирияның солтүстік-шығысында мұнай сатудан түскен кірістерді заңсыз басып алуды және беруді айыптады, мұнай алқаптары САР үкіметіне тиесілі болуы керек. Ресей, Түркия және Иран БҰҰ мен ДДСҰ-ны COVAX бастамасы аясында Сирия халқын коронавирусқа қарсы вакцинациялауға басымдық беруге шақырды.
Ресей Федерациясы, Түркия және Иранның кепілгер елдерінің бірлескен мәлімдемесінің мәтінінде 1 жылғы 2020 шілдедегі саммиттің қорытынды мәлімдемесінде бекітілген шарттар мен шарттар рұқсат етілгеннен кейін Иран Ислам Республикасында келесі үшжақты жоғары деңгейдегі кездесуді өткізу туралы келісім тағы да айтылды. Кепілгер елдер елдегі барлық сириялықтарға кемсітусіз, саясаттандырусыз және алдын-ала шарттарсыз гуманитарлық көмек көрсетуді арттыру қажеттілігін атап өтті.
"Сириядағы гуманитарлық ахуалды жақсартуды және саяси реттеу үдерісіндегі прогресті қолдау мақсатында халықаралық қоғамдастықты, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін Сирияға көмекті, оның ішінде инфрақұрылымның базалық объектілері - су және электрмен жабдықтауды, мектептерді, ауруханаларды қоса алғанда, жедел қалпына келтіру жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы, сондай - ақ халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына сәйкес гуманитарлық минасыздандыру бойынша жобаларды ұлғайтуға шақырды", - делінген хабарламада.
Кепілгер елдер – Ресей, Иран және Түркия Сирия Араб Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін, бірлігі мен аумақтық тұтастығын ұстанатындықтарын тағы да мәлімдеді, елдегі террористік белсенділіктің өсуін айыптады және оған қарсы күресті барлық нысандар мен көріністерде жалғастыруға уәде берді.
Тараптар Идлибтің құлдырау аймағындағы жағдайды қарастырды, ондағы және айналасындағы гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін одан әрі күш салуға келісті.
Сондай-ақ Сирия қақтығысының әскери шешімі жоқ деген сенім білдірілді және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарына сәйкес БҰҰ-ның қолдауымен сириялықтардың өздері басқаратын және жүзеге асыратын өміршең және ұзақ мерзімді саяси процесті ілгерілетуге бейілділік расталды. Сочидегі Сирия ұлттық диалогы Конгресінің шешімдерін орындау үшін Астана форматындағы кепілгер елдердің шешуші үлесі кезінде құрылған Женевадағы Конституциялық комитеттің маңызды рөлі атап өтілді.
Астана процесінің 19-шы кездесуі 2022 жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл жайында Сирия бойынша 18-ші халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің бірлескен мәлімдемесінде айтылған. "Біз Астана форматындағы бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан делегацияларының, сондай-ақ БҰҰ мен ХҚКК өкілдерінің қатысуын қанағаттанушылықпен атап өттік. Нұр-Сұлтанда Астана форматында Сирия бойынша 18-ші халықаралық кездесуді өткізгені үшін Қазақстан билігіне шынайы алғысын білдіреміз. Сирия бойынша Астана форматындағы 19-шы халықаралық кездесуді осы жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтанда өткізуге келістік", – делінген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов жария еткен бірлескен мәлімдемеде. Сонымен қорытынды құжатта кепілгер елдер Астана форматында министрлердің келесі кездесуін ұйымдастыру ниеттерін растады. "Біз 2020 жылдың 1 шілдесіндегі саммиттің қорытынды мәлімдемесінде бекітілген келесі үшжақты саммитті шарттар рұқсат етілген кезде тез арада Иран Ислам Республикасында өткізу туралы келісімді тағы да атап өттік", – деді кепілгер елдер.
Кепілгер елдер-Иран, Ресей және Түркия-қақтығыстың әскери шешімі жоқ екенін тағы да растады және конституциялық комитеттің редакциялық комиссиясының тоғызыншы сессиясын тез арада өткізуге шақырды. Сонымен қатар, кепілгер елдер Сирия Араб Республикасының егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына тұрақты берілгендігін растады. Олар терроризммен күресу үшін оның барлық түрлері мен көріністерінде өзара әрекеттесуді жалғастыруға бел буды.
Оған кепілгер елдердің – Ресей, Түркия және Иранның делегаттары мен Сирия үкіметі және оппозициясының өкілдері, сондай-ақ бақылаушылар қатысады. Күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды өзгерту, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу мәселелері талқыланды.
Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және Сирия оппозициясы, сондай-ақ Иордания, Ирак және Ливан делегациялары бақылаушылар ретінде Таяу Шығыс елдерінің айналасындағы жағдайды шешу жолдарын талқылады. Келіссөздерге БҰҰ, БҰҰ босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының және Халықаралық Қызыл ай комитетінің өкілдері қатысты.
Бірлескен мәлімдемеде кепілгер елдер Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығына, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын берік ұстанатындарын қуаттады. Түркия мен Сирия арасындағы өзара құрмет, ізгі ниет және тату көршілік негізінде қарым-қатынастарды қалпына келтіру үшін күш салудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, кепілгер елдер идлибтің құлдырау аймағындағы жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып, Идлиб туралы барлық келісімдерді толық орындау арқылы "жердегі" тыныштықты сақтау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, кепілгер елдер Сириядағы гуманитарлық жағдайға байланысты қатты алаңдаушылық білдіріп, халықаралық қауымдастықты, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін су және электрмен жабдықтау, санитария, денсаулық сақтау және білім беру, мектептер, ауруханалар нысандарын қалпына келтіру жобаларын іске асыру арқылы сириялықтарға көмек көрсетуді арттыруға шақырды.