Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Консулдық бөлім

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сағат 09.30-дан – 12.30 дейін.

Дайын құжаттарды беру уақыты: сағат 16.00-ден – 17.00 дейін.

Мекенжай: Мәскеу қ., Чистопрудный бульвары, 3 үй.

Консулдық бөлімге кіре – Гусятников  көшесінде орналасқан және де "Тургеневская", "Чистые Пруды" и "Сретенский бульвар" метросының бекетіне жақын маңда.

COVID-19 таралу қаупіне байланысты консулдық бөлім қабылдауын уақытша тоқтатып, қызметтерін қашықтан көрсетіп жатыр. Сұрақтарыңызды Consularkz_bot телеграм ботына немесе consul.moscow@mfa.kz поштасына жолдаңыз.

Сонымен бірге, бізбен Skype арқылы байланыса аласыз, ол үшін іздеу бөлімінде осылай теріңіз:

«1 окно» - виза алу, төлқұжат алу, Ресейде тұрақты тұруға баруға рұқсат алу, консулдық есепке алу мәселелері бойынша;

«2 окно» - Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту / алу, Қазақстан Республикасының төлқұжатын беру мәселелері бойынша;

«3 окно» - азаматтық хал актілерін тіркеу (туу, неке және т.б.), құжаттарды заңдастыру, нотариалдық қызмет көрсету мәселелері бойынша;

«4 окно» - Қазақстан Республикасынан құжаттар алу, Қазақстан Республикасына қайту туралы куәлікті рәсімдеу мәселелері бойынша.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, Ресейдің уәкілетті органдарының барлық талаптарын орындау маңыздылығына назар аударамыз және барлығыңызға денсаулық тілейміз!

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің (Мәскеу қаласы) консулдық аймағына келесі РФ субъектілер кіреді:

  1. Амур;
  2. Брянск;
  3. Белгород;
  4. Тула;
  5. Владимир;
  6. Еврей Автономиялы;
  7. Иркутск;
  8. Воронеж;
  9. Иванов;
  10. Калуга;
  11. Кострома;
  12. Курск;
  13. Липецк;
  14. Магадан;
  15. Мәскеу;
  16. Орловск;
  17. Ростов;
  18. Рязан;
  19. Сахалин;
  20. Смоленск;
  21. Тамбов;
  22. Тверь;
  23. Ярославль облыстары;
  24. Забайкалье;
  25. Краснодар;
  26. Красноярск;
  27. Приморье;
  28. Ставрополь;
  29. Камчатка;
  30. Хабаровск өлкелері;
  31. Адыгея;
  32. Бурятия;
  33. Дағыстан;
  34. Ингушетия;
  35. Қабарда-Балқар;
  36. Қалмақстан;
  37. Қарашай-Черкесия;
  38. Коми;
  39. Саха;
  40. Солтүстік Осетия- Алания;
  41. Тыва;
  42. Хакасия;
  43. Шешен республикалары;
  44. Чукотка автономиялық округі.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер