Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Бүгінде Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеде және біз әрі қарай да осы бағытта жылжитын боламыз»

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

На главную [RUS]

Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.

Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Нұр-Cұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі.

Заң шығару қызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады.

Сенатты конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды. Сенатта ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделерінің қамтамасыз етілуі қажеттігі ескеріліп, он бес депутатты Президент тағайындайды.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан құралады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Қазіргі уақытта Мәжілісте үш партия – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өкілеттілік етеді. 

Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы

1963 жылғы 7 мамырда туған.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты. «Парасат», II дәрежелі «Барыс», Француз мемлекетінің Әдебиет және өнер ордендерімен, «Нұр Отан» ХДП-ң «Белсенді қызметі үшін» медалімен, ҚР Конституциялық Кеңесінің «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары қызметінен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

1962 жылы Қарағандыда туған.

Қарағанды политехникалық институтын бітірген.

Саяси ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.

1990-1993 жылдары – Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы. 1993-1995 жылдары – «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынның президенті. 1995-1999 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі. 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2006-2009 жылдар аралығында – Қарағанды облысының әкімі. 2009-2012 жылдар аралығында – «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

2012 жылғы 20 қаңтар – 2014 жылғы 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі.

2014 жылғы 3 сәуір – 2016 жылғы 21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды.

Мамин Асқар Ұзақбайұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген.

Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист.

Еңбек жолын «Целинтяжстрой»тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

1996 - 2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі,  Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі,Астана қаласының әкімі.

2008 жылғы сәуір айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, 2008 жылғы 17 сәуірде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №04/08 КХГУА хаттамасынан үзінді).

2016 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1998 жылы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы – «Құрмет» орденімен, 2011 жылы – екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, 2013 жылы – Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен, 2014 жылы – Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі  орденімен марапатталған. 2011 жылы – Астана қаласының Құрметті азаматы,  2012 жылы – Құрметті теміржолшы, 2013 жылы – Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.   

Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ел 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қалаға бөлінеді:

  • Нұр-Cұлтан – республикалық маңызы бар қала
  • Алматы – республикалық маңызы бар қала
  • Шымкент – республикалық маңызы бар қала
  • Ақмола облысы
  • Ақтөбе облысы
  • Алматы облысы
  • Атырау облысы
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Жамбыл облысы
  • Қарағанды облысы
  • Қостанай облысы
  • Қызылорда облысы
  • Маңғыстау облысы
  • Оңтүстік Қазақстан облысы
  • Павлодар облысы
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Түркістан облысы 

Қазақстан тұрғындарының саны 2019 жылдың 1 қаңтар 18 395 700 адамды құрады. 2009 жылғы ұлттық санақ бойынша Қазақстан қоғамының ұлттық құрамы төмендегідей болды: Қазақтар - 63,07%, Орыстар - 23,70%, Өзбектер - 2,85%, Украиндар - 2,08%, Ұйғырлар - 1,40%, Татарлар - 1,28%, Немістер - 1,11%, өзге ұлттар - 4,51%.

Қазақстан Еуразия құрлығының ортасында орналасқан. Алып жатқан жер көлемі 2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым, еліміз әлем елдері арасында аумағы бойынша тоғызыншы орында. Солтүстігі мен батысында еліміз Ресеймен – 7 591 шақырым (әлемде құрғақтағы ең ұзын үзіліссіз шекара), шығысында Қытаймен – 1 783 шақырым, оңтүстігінде Қырғызстанмен – 1 242 шақырым, Өзбекстанмен – 2 351 шақырым және Түркіменстанмен – 426 шақырым шекара арқылы шектеседі. Құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы – 13 200 шақырым. Оған қоса, республиканың құрлық ішіндегі теңіздері – Каспий және Арал теңіздері бар. Қазақстан – Әлемдік мұхитпен тікелей жалғаспайтын әлемдегі ең ірі ел.

Ел аумағының ауқымды бөлігін – 44%-ын шөлдер және 14%-ын шөлейтті жерлер алып жатыр. Далалық жерлер Қазақстан аумағының 26%-ын, орман-тоғайлар 5,5%-ын құрайды. Қазақстанда 8,5 мың өзен бар. Каспий акваториясының солтүстік-шығыс бөлігі республика шегіне кіреді. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінген. Қазақстанда үлкен және шағын 48000 көл бар. Оның ең ірілері – Арал теңізі, Балқаш, Зайсан және Алакөл.

Мұхиттардан алыстығына байланысты елдің ауа райы күрт континентальды болып келеді. Қаңтардағы орташа ауа температурасы − солтүстікте -19 °C-дан оңтүстігінде -2 °C-ға дейін, шілдедегі орташа ауа температурасы − солтүстікте +19 °C-дан оңтүстігінде +28 °C-ға дейін. Жаз мезгілі ыстық және құрғақ, қысы суық және қарлы.

Қазақстан Республикасы – экономикалық өсімінің негізгі көзінің бірі пайдалы қазбалар өндіру болып саналатын индустриялық ел. Еліміздің минералдық-шикізаттық базасы 5000-нан астам кен орнынан құралады, олардың болжамды құны ондаған триллион АҚШ долларына бағаланады. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтын қоры жөнінен алтыншы орын алады.

Сонымен қатар, Қазақстан батыс облыстарда шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай мол қорына ие. Ел жылына 80 миллион тоннадан астам мұнай және газ конденсатын алатын әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттер қатарына жатады. 2020 жылға қарай өндірісті жылына 120 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстан анықталған мұнай қоры жөнінен әлемде 9-орында тұр. Оған қоса республикамыз ранг жөніндегі әлемдік табелде көмір қоры бойынша – 8 және уран қоры бойынша 2-орын алады.

Дәстүрлі түрде елде ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан әлемдегі ең жетекші астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорттаудан да көш бастаушылардың бірі саналады. Егін шаруашылығы солтүстікте дамыған – егістіктің 70 %-ы бидай, арпа, тары сияқты дәнді және техникалық дақылдарға тиесілі. Елдің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіріледі. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің бауларымен, жүзімдіктерімен және бақша өнімдерімен де мәлім. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы мал шаруашылығы болып саналады. Мал шаруашылығының негізгі бағыттары – қой, жылқы, түйе, ірі қара мал шаруашылығы және шошқа өсіру. Сонымен бірге, республикада құс шаруашылығы мен балық шаруашылығы да дамыған.

Қысқа тарихи мерзім ішінде – тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап елдің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 15 есеге – 700 АҚШ долларынан 10 500 мың долларға дейін өсті. Бұл – тіпті қарыштап даму үстіндегі оңтүстік-шығыс азиялық «жолбарыстармен» салыстырғанда да ғаламат нәтиже. Британдық мамандардың бағалауынша, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы ең қарқынды 25 дамушы экономика арасынан Қазақстан тек Қытай мен Катарды ғана алға салып, 3-орын алады. Бүкіләлемдік банктің жіктемесіне сәйкес, республикамыз табыс деңгейі орташадан жоғары елдер тобына енді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 400 млрд. доллардан астам шетел инвестициясы тартылды. Елдің алтын-валюта резерві  2018 жылдың қорытындысы бойынша 89 миллиард АҚШ доллары құрды, оның 58,2 миллиард доллардан астам Ұлттық қорға тиесілі.

Қазақстан "Doing Business-2018" Кәсіпкерлік жүргізу шарттары бойынша Бүкіләлемдік банк рейтингінде 28-орын алды. 2016-2017 жылға арналған Бүкіләлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде республика 53-орынға табан тіреді.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2018 жылы 90 миллиард доллар құрды. Экспортталатын басты тауарлар – кен өндіру, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсіптерінің, сондай-ақ астық индустриясының өнімдері. Республиканың сауда саласындағы негізгі серіктестері – Ресей, Қытай, Еуропа және ТМД мемлекеттері.

Экономиканы әртараптандыру шеңберінде елде Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаға сәйкес, бүкіл ел бойынша бұрынғы кәсіпорындар мен өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңалары ашылуда.

Қазақстан «Жаңа Жібек жолы» атты ауқымды жобаны жүзеге асыруда, ол елдің құрлықтағы басты байланыстырушы буын ретіндегі тарихи рөлін жаңғыртып, оны өңірдің аса ірі іскерлік және транзиттік хабына – Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік көпірге айналдыруға тиіс. Осы мега-жобаны іске асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай республика арқылы өтетін транзиттік жүк ағыны 2 есе дерлік өсіп, одан әрі жылына ең азы 50 миллион тоннаға жетуі тиіс. 

Елдің айрықша әсем ландшафттық байлығы мен бірегей мәдени-тарихи мұрасын дамудың жаңа мүмкіндіктерінің айналдыра алатын Қазақстанның туристік кластері де айтарлықтай әлеуетке ие болып отыр.

Елде жаппай әлеуметтік жаңғырту жұмыстары жасалуда – жаңа мектептер, кәсіптік колледждер және университеттер салынуда, заманауи медициналық емхана мен ауруханалар ашылуда, халықты әлеуметтік қолдау жүйесі жетілдірілуде.

Қазақстан – Ұлы дала көшпенділері мемлекеттік құрылымдарының тарихи мұрагері болып саналатын және біртіндеп олардың баста геосаяси мұратын – Еуразиядағы ықпалдастыққа, бейбітшілік пен жасампаздықтың біртұтас кеңістігін қалыптастыруға ықпал етуді жүзеге асырып келе жатқан, өзіндік төлтума мәдениеті мен тарихы аса бай ел.

Бүгінгі таңда республикада 130 этнос өкілі өмір сүреді, ұлтаралық қарым-қатынастардың үйлесімділігі жөніндегі консультативтік-кеңесшілік орган – Қазақстан халқы Ассамблеясы табысты жұмыс жасауда. Астанада 2018 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтті, оның жұмысына шамамен әлемнің 46 елінен 80 делегация қатысты. Жыл сайын 2008 жылдан бастап Астана экономикалық форумы бүкіл әлемнің жетекші экономистерінің, талдаушылары мен сарапшыларының басын қосып келеді. Астана мен Алматыда 2011 жылдың басында Қысқы Азия ойындары табысты өтті. Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Еліміз Орталық Азиядағы көшбасшы бола отырып, өңірдегі тұрақтылықтың нығаюына үлкен үлес қосуда. Республикаәлемдік деңгейде де зор табыстарға қол жеткізіп келеді. Мұны Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мен 2010 жылғы желтоқсан айында Астанада осы беделді халықаралық ұйымның саммитінің өтуі дәлелдейді. АӨСШК – ЕҚЫҰ-ның азиялық баламасы жобасын іске қосу елдің маңызды бастамасына айналды. Қазақстанның ислам әлемдегі жетекші ұйым – ИЫҰ төрағасы ретіндегі жасампаз қызметі де оң баға алды. Сонымен қатар, еліміз жаһандық антиядролық қозғалыста жалпыға мойындалған көшбасшы болып саналады. Жалпы, Қазақстан бүгінде халықаралық іргелі ұйымдар – ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ және өзге де ұйымдар аясында түрлі әріптес мемлекеттермен өзара белсенді ықпалдастық жүргізуде.

2010 жылғы шілдеде Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Кеден одағы, ал 2012 жылғы 1 қаңтардан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмысын бастады. 2015 жылдың 1 қаңтарына Еуразиялық экономикалық одақ күшіне енді. Бұл бірлестіктер мүше мемлекеттердің экономикасының тиімді дамуына және тұрғындарының тұрмыс деңгейін тауар, қызмет, қаржы және адам капиталының үш ел шекарасы арқылы еркін қозғалысы қағидаты негізінде арттыруға бағытталған.

Экономиканың барлық саласындағы тұрақты өсім, халықаралық деңгейде мойындалу, саяси тұрақтылық қазіргі Қазақстан қоғамының өсіп-өркендеуінің негізіне айналып отыр. Бүгінгі Қазақстан – өз топырағының асыл дәстүрлерін ардақ тұтатын, кемел болашаққа қадам басқан жасампаз ел.

20 ақпан 2018 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті

Қазақстанның саяси партиялары

Қазақстан Республикасының Конституциясы «конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, республикасынң тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіру, әлеуметтік, ұлттық, діни арандатушылық» сынды әрекеттерден ада қозғалыстар, партиялар мен қауымдастықтар құқықтарына кепілдік береді. Партия мен қоғамдық бірлестіктердің жұмыстарына мемлекеттің араласуына жол берілмейді.

«Саяси партиялар туралы» ҚР соңғы қабылданған Заңына сәйкес партияның құрамында  кем дегенде 40 000 мүше болуы керек. 

Қазақстанда ресми тіркелген  6 саяси партия бар:

  • «Нұр Отан» партиясы
  • «Бірлік»саяси партиясы
  • «Ақ жол» демократиялық  партиясы
  • «Ауыл» патриоттар партиясы
  • Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

2013 жылы 282 әкімшілік құқықбұзушылықтар айқындалды, 2014 жылы – 153, 2015 жылы – 120, 2016 жылы 119 факт табылды.

Қазақстандағы діни ахуал

Қазақстандағы діни ахуал тұрақты.

2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша елде 18 конфессияны білдіретін 3738 діни субъектілер тіркелген: 2611 – Ислам, 339 – православие, 86 – католик, 591 – протестанттық, 60 – Иегова куәгерлері, 24 – Новоапостоль шіркеуі, 9 – Кришна санасы қоғамы, 7 – иудейский, 6 – Бахаи, 2 – Буддизм, 2 – Иса Мәсіхтің Соңғы күндегі шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер.

Олардың 2610 – мешіттер, 302 – православиелік ғибадатханалар және 109 – католиктік шіркеулер, 406 – протестанттық намаз үйлері, 55 – Иегова куәгерлерінің дұға үйі, 24 – Новоапостол шіркеуінің дұға үйі, 6 – синагог, 3 – Бахаи дұға үйі, 2 – "Кришна санасы қоғамы" РО дұға үйі, 1 – будда храмы жұмыс істейді.

ҚР миссионерлер туралы

Ресми түрде 553 миссионер тіркелген, оның ішінде 430 шетел азаматтары және 123Қазақстан азаматтары.

Дін саласындағы құқық бұзушылық туралы

Удрб ақпараты бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша діни қызмет саласында 59 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды, оның ішінде құқық қорғау органдары ҚР ӘҚБтК-нің 453, 489-баптары бойынша 22 факті анықталды.

Жұмысы туралы ИРГ аймақтарда

Дін істері комитеті ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерінен, білікті теологтардан, дінтанушылардан, ҚМДБ мен мемлекеттік органдар мен мекемелерден (100-ге жуық адам) тұратын дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етті.

Өңірлерге шығу барысында РИРГ мүшелері халықтың мақсатты топтарымен (МДМ жақтаушылары, мешіт жамагаттары, жастар, әйелдер аудиториялары, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар және т.б.) түсіндіру іс-шараларын өткізді.

2018 жылы РИРГ мүшелерінің қатысуымен елдің барлық өңірлерінде дерлік халықтың 18 500 мыңға жуық өкілдерін қамтитын 312 іс-шара өткізілді. Сондай-ақ, діндар әйелдер арасында 4500-ден астам адамды қамтитын 113 алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті өз қызметі шеңберінде өңірлік ИРТ-ның Дін мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2018 жылы аймақтық АТТ мүшелерінің қатысуымен 38 мыңнан астам іс-шара (530 конференция, 2363 семинар, 1532 дөңгелек үстел және азаматтардың түрлі санаттарымен 15 585 астам кездесу) өткізілді.

ИРТ жұмысы барысында жастар аудиториясына алдын алу іс-шараларының кең ауқымын (барлық өткізілетін алдын алу іс-шараларының 50% бағыттылығы) аудару қағидаты сақталды.

2018 жылы 850 мыңнан астам жастар өкілі қамтылған 14 480 іс-шара өткізілді.

Түсіндіру жұмысында жастардың проблемалы бөлігі, соның ішінде жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және оның ұйымдастырылмаған бөлігі арасындағы атаулы жұмысқа баса назар аударылды.

Сонымен қатар, алдын алу жұмыстарына балалар үйлері мен интернаттарға ерекше көңіл бөлінген. 2018 жылы 3662 адамды қамтумен 92 іс-шара ұйымдастырылды.

Осындай іс-шаралар жастар арасында ұйымдастырылды. Барлығы 500 мың адамды қамтитын 9 мыңнан астам іс-шара өткізілді.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша аймақтық 234 ИРТ –нің саны 2670 адамды құрайды.

ИРТ санының Атырау және Жамбыл облыстарында 6 ИРГ, Шымкент қаласында - 5, ШҚО - 4, Алматы және Түркістан облыстарында 1 топқа артуы байқалады.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өңірлік топ мүшелерінің қатысуымен барлығы 387 мыңнан астам адамды қамтитын 6900-ден астам іс-шара өткізілді.

              Сондай-ақ, жастар арасында шамамен 172 мың адамды қамтитын 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды.

              ИРГ қызметі, ең алдымен, жастар, сенушілер, жұмыссыздар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелері, жеке кәсіпорындардың, сауда, қызмет көрсету саласының қызметкерлері және т. б. сияқты халықтың нысаналы санаттарында шоғырланған.

Бұдан басқа, халық арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарының сапасын арттыру үшін Министрлік Дін мәселелері бойынша аймақтық ИРТ мүшелерін дайындау және қайта даярлауды қамтамасыз етті.

Бұл жұмысты "Парасат" консультативтік-әдістемелік орталығы жүзеге асырады. 2018 жылы аталған жоба аясында аймақтық ИРТ мүшелері үшін көшпелі оқыту курстары ұйымдастырылды. Оқытудан 500-ден астам адам өтті. Жобаны іске асыру 2019 жылы жалғасатын болады.

Оңалту туралы ұстанатын деструктивті және радикалды діни идеологияның, соның ішінде мекемелерінде ҚАЖК

2014 жылы құрылған "Ақниет "ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы" ҚҚ радикалды бағытталған адамдармен, соның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге маманданған. Өз қызметін барлық өңірлерде жүзеге асырады.

Ел аумағында деструктивті және радикалды діни ағымдардан зардап шеккендерге теологиялық консультациялық көмек көрсету шеңберінде Дін істері жөніндегі өңірлік басқармалар ҚМДБ филиалдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, осы кезеңде жалпы 4 653адамды қамтитын 3 139 іс-шара өткізді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша ақталған тұлғалардың жалпы саны 269 адамды құрады.

ҚАЖК мекемелерінде түсіндіру және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру кезінде өңірлік дін істері басқармалары 2019 жылдың 1 тоқсанында 4 357 адамды қамтитын 1 589 – дан астам кездесу өткізді (оның ішінде жеке – 1 202, жалпы алдын алу-387). Жеңілген адамдардың жалпы саны – 121.

"Әйелдер жамагаттарының" өкілімен алдын алу жұмысының бір құралы ретінде әлеуметтік қолдау қолданылды. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 75 әйелге азық-түлік, медициналық, әлеуметтік және басқа да сипаттағы азық-түлік түрінде жалпы сомасы 417 мың теңгеге көмек көрсетілді. Профилактикалық сипаттағы шаралар кешені қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарына 158 әйел бейімдеуге мүмкіндік берді,ақталған адамдардың жалпы саны 83адамды құрады.

ҚР дінтанулық сараптама туралы

Діни әдебиетті, діни мақсаттағы өзге де материалдар мен заттарды дінтану сараптамасы ұйымдастырылған. 2019 жылдың 1 тоқсанында 1387 материалға дінтану сараптамасы жүргізілді, оның 177 – і теріс, 1004 – і оң, 165 – і діни емес, 41 – і шет тілінде.

2019 жылдың 1 тоқсанында 1201-ден астам интернет-ресурстардың мазмұны талданды, оның ішінде құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтитын 781 интернет-ресурстың сілтемесі анықталды. Олар бойынша теріс сараптамалық қорытындылар Комитетке тиісті іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін ақпарат жіберілді.

ҚР-дағы діни оқу орындары туралы

2019 жылдың I тоқсанындағы жағдай бойынша елімізде 17 рухани оқу орны жұмыс істейді.

Ислам бағыты бойынша-15 (1-"Нұр-Мүбарак" университеті, 5-медресесі, 4-медресесі, 4-қариларды дайындау орталығы, 1-ҚМДБ жанындағы имамдардың біліктілігін арттыру Ислам институты»;

Христиандық бағыттағы – 2 (1 – Алматы православиялық рухани семинариясы және 1 – "Мария-Шіркеу анасы" мұрағатаралық жоғары рухани семинариясы Қарағандыда).

ҚМДБ имамдарының біліктілігін арттыру

Қазіргі уақытта ҚМДБ жанынан имамдардың біліктілігін арттыру Ислам институты өз қызметін жүзеге асыруда.

2019 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 2 айлық біліктілікті арттыру курстарына қалалық және облыстық маңызы бар 107 имам қатысты.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер