8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
2023 жылғы:
Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда тұрақты кездесулер мен ең жоғары деңгейдегі келіссөздер жетекші рөл атқарады.
2023 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің 4 телефон арқылы сөйлесуі (3 және 20 қаңтарда, 6 наурызда, 17 мамырда) болды.
2023 жылғы 24-25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.
2023 жылғы 8-9 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты. Президент Қ.Тоқаев Ресейге жұмыс сапары барысында Ржев қаласындағы 100-ші және 101-ші жеке атқыштар бригадасының Қазақстан жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды.
2023 жылғы 24 қаңтарда ҚР Президенті Қ.Тоқаев 23-26 қаңтарда Астанаға сапармен келген Якутия басшысы А.Николаевты қабылдады.
Белсенді өзара іс-қимыл үкімет басшылары деңгейінде жүзеге асырылады.
2023 жылғы 7-9 маусымда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов Сочи қаласында өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырыстарына қатысты.
2023 жылғы 2-3 ақпанда РФ Үкіметінің төрағасы М.Мишустиннің Алматыға ЕҮАК кезекті отырысына және «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» цифрландыру жөніндегі халықаралық форумға қатысу үшін жұмыс сапары өтті.
Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде өзара іс-қимыл көп қырлы сипатқа ие.
2023 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С. Лавровтың шақыруымен Мәскеуге ресми сапармен барды.
2023 жылғы 10 наурызда Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары М. Галузин екіжақты СІМ аралық саяси консультацияларға қатысу үшін Астанаға келді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық ынтымақтастық жүйелі негізде дамып келеді.
2023 жылғы 12-14 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М. Әшімбаев Мәскеуде ресми сапармен болып, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы В. Матвиенкомен кездесіп, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы В. Володинмен бірге Санкт-Петербургте өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 55-ші пленарлық отырысына қатысты.
Президент Әкімшілігінің басшылары деңгейінде:
2023 жылғы 25 мамырда Мемлекет басшысының сапары аясында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы О. Бектенов пен Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А. Вайноның кездесуі өтті.
Екі ел арасындағы ынтымақтастық Қауіпсіздік кеңестері арқылы жалғасуда:
2023 жылғы 23-25 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғ. Нұрдәулетов қауіпсіздік мәселелеріне жауапты жоғары өкілдердің 11-ші халықаралық кеңесіне қатысу үшін Мәскеуге сапармен барды.
2023 жылғы 8 ақпанда Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғ. Нұрдәулетов Мәскеуде Ауғанстан бойынша қауіпсіздік жөніндегі өңірлік диалогтың отырысына қатысты.
Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдары мен ведомстволары басшыларының Ресейге сапарлары:
2023 жылғы 27-30 сәуірде Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев Мәскеуде жұмыс сапарымен болды.
2023 жылғы 21 сәуірде Мәскеуде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Қарабаев пен Ресей Федерациясының Көлік министрі В. Савельевтің төрағалығымен екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның көлік жөніндегі Кіші комиссиясының XVII отырысы өтті.
2023 жылғы 20-21 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі С. Жұманғарин Мәскеуде өткен ЕЭК Кеңесінің екі күндік отырысына қатысты.
2023 жылғы 28 ақпан - 3 наурыз аралығында Абай облысының әкімі, Қазақстан Республикасының сауда және интеграция Вице-министрі Қ. Балықбаев және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е. Рамазанов бастаған қазақстандық делегация Красноярск экономикалық форумына (Красноярск қаласы) қатысты.
2023 жылғы 15-16 ақпанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Қарабаев Мәскеуге сапары барысында ресми тұлғалармен және ресейлік компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді.
2023 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.Жұманғарин Мәскеуде ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысты.
2023 жылғы 9-10 және 18 қаңтарда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында болды.
2022 жылғы:
2022 жылы ҚР және РФ Президенттері 9 рет телефон арқылы сөйлесті (8 қаңтар, 13 қаңтар, 22 ақпан, 2 наурыз, 2 сәуір, 29 Сәуір, 19 мамыр, 12 шілде, 1 қыркүйек), 2023 жылы 3 рет телефон арқылы сөйлесу өтті – 3 және 20 қаңтар, 6 наурыз.
2022 жылғы 26-27 желтоқсанда ҚР Президенті Қ.Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына (РФ) жұмыс сапарымен барды.
2022 жылғы 5 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Е.Қошанов бастаған Қазақстан Парламенттік делегациясы Мәскеу қаласында өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысына қатысты.
2022 жылғы 27-28 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев сайланған мемлекет басшысы ретінде Ресей Федерациясына алғашқы ресми сапарын жасады.
2022 жылғы 3 қарашада Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғ.Нұрдәулетов Мәскеу қаласында өткен ТМД–ға қатысушы мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының X кездесуіне қатысты.
2022 жылғы 27-28 қазанда РФ Үкіметінің төрағасы М. Мишустин Астана қаласында өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
2022 жылғы 13-14 қазанда Ресей Президенті В. Путин Астанаға сапармен барып, Азиядағы өзара іс - қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің желісі бойынша іс-шараларға, сондай-ақ «Ресей-Орталық Азия» форматындағы кездесуге қатысты.
2022 жылғы 7 қазанда Президент Қ.Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Мәскеудегі бейресми кездесуіне қатысты.
Іс-шара барысында ТМД елдерінің басшылары ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ РФ Президенті Владимир Путинді мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
2022 жылғы 6 қазанда ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловтың екінші Каспий экономикалық форумына қатысу үшін Мәскеу қаласына жұмыс сапары өтті. Сапар барысында А. Смайлов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың практикалық аспектілерін, өнеркәсіп пен мұнай-газ саласындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
2022 жылғы 25-26 тамызда Қазақстан мен Ресей Үкімет басшылары Шолпан Атада ЕҮАК кездесуі аясында екіжақты келіссөздер жүргізді.
2022 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Сочиге жұмыс сапары өтті, оның барысында РФ Президенті В.Путинмен Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
2022 жылғы 4 шілдеде ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловтың «ИННОПРОМ» XII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысу үшін Екатеринбург қаласында жұмыс сапары өтті. Сапар барысында А. Смайылов РФ Үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен кездесті.
2022 жылғы 17 маусымда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Жаңа әлем-жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы 25 – ші Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысты.
Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумының отырысы аяқталғаннан кейін Қ.Тоқаев РФ Президенті В. Путинмен екіжақты келіссөздер жүргізді.
Әңгімелесу барысында екі елдің көшбасшылары сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.
Санкт-Петербургке сапары барысында Қ.Тоқаев Татарстан Республикасының Президенті Р.Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Р. Хабировпен кездесулер өткізді.
2022 жылғы 30 мамырда ҚР Премьер-Министрі А.Смайыловтың Мәскеуге жұмыс сапары өтті, оның барысында РФ Үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен келіссөздер жүргізілді.
2022 жылғы 15-16 мамырда ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары өтті.
2022 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторы А.Бурковты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан аймақтары мен Омбы облысы арасындағы сауда, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қ.Тоқаев өнімді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң әсер ететінін атап өтті.
2022 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары А.Шәкіровтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 17-ші отырысына қатысу үшін Астрахань қаласында жұмыс сапары өтті.
2022 жылғы 24-25 ақпанда РФ үкіметінің төрағасы М. Мишустин Қазақстанға жұмыс сапарымен келіп Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАҚ) отырысына қатысты. Сондай-ақ, М.Мишустин ҚР Президенті Қ. Тоқаевпен және ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловпен екіжақты келіссөздер жүргізді.
2022 жылғы 10 ақпанда Мәскеуде Мемлекет басшысы РФ Президенті В.Путинмен және РФ Премьер-министрі М. Мишустинмен кездесулер өткізді. 11 ақпанда ҚР Президенті Қ. Тоқаев Татарстан Республикасының Президенті Р. Миннихановпен екіжақты келіссөздер жүргізді.
2022 жылғы 10-11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары өтті.
2022 жылғы 24 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Татарстан Республикасының Президенті Р. Миннихановты қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы өзара ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.
2022 жылғы 10 қаңтарда Қазақстандағы жағдайға байланысты ҚР Президенті Қ. Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс сессиясына Қазақстан Президентінің бастамасымен шақырылған бейнеконференция режимінде қатысты.
2021 жылғы:
2021 жылғы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қ. Тоқаев Санкт-Петербургтегі ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
2021 жылғы 25-26 қарашада ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М. Әшімбаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары өтті. Сапар барысында М. Әшімбаев 25 қарашада Мәскеуде Патриарх Кириллмен екіжақты кездесу өткізді. 26 қарашада ҚР Парламентінің Спикері Санкт-Петербургтегі ТМД ПАА Кеңесінің отырысына қатысты. Санкт-Петербургте М. Әшімбаев Ресей Федерациясы ФК төрағасы В. Матвиенкомен екіжақты келіссөздер жүргізді.
2021 жылғы 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Мәскеуге жұмыс сапары өтті. Сапар барысында А. Мамин РФ үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен келіссөздер жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. А.Мамин Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Ұлттық жобалар орталығында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша Қазақстан-Ресей келіссөздеріне қатысты.
2021 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің Көкшетаудағы XVII өңіраралық форумына онлайн форматта қатысты.
2021 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев ҚР-ға жұмыс сапарымен келген Башқұртстан басшысы Р. Хабировты қабылдады. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар, сондай-ақ оларды одан әрі нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.
2021 жылғы 17-20 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары А.Шакировтың ТМД ПАА желісі бойынша РФ ФС Мемлекеттік Думасына сайлауды бақылау үшін Мәскеуге жұмыс сапары өтті.
2021 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Владивосток қаласында бейнеконференция түрінде VI Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысты. Мемлекет басшысы географиялық тұрғыдан Еуразияны Азия-Тынық мұхиты аймағымен байланыстыратын Қиыр Шығыстың Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтты.
2021 жылғы 20-21 тамызда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Мәскеуге жұмыс сапары өтті, оның барысында Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен кездесу өткізді. Тараптар Ауғанстандағы ахуал мәнмәтінінде өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.
2021 жылғы 18 тамызда РФ Премьер-Министрі М.Мишустиннің Нұр-сұлтанға жұмыс сапары өтті. Сапар барысында М. Мишустин ҚР Премьер-Министрі А. Маминмен келіссөздер жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.
М. Мишустин "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы Қазақстан Республикасы Цифрлық үкімет кеңсесінің ашылуына қатысып, ҚР Премьер-Министрі А.Маминмен келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен бірқатар құжаттарға қол қойылды.
2021 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев ҚР-ға жұмыс сапарымен келген Астрахан облысының губернаторы И. Бабушкинді қабылдады. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстар, сондай-ақ оларды одан әрі нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.
2021 жылғы 6 шілдеде Ресей тарапының бастамасымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың РФ Президенті В. Путинмен телефон арқылы сөйлесуі өтті.
2021 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Елбасы РФ Президенті В. Путинмен кездесті.
2021 жылғы 27-28 маусымда РФ Федерациясы Кеңесінің төрағасы В. Матвиенконың Нұр-сұлтанға ресми сапары өтті, оның шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаевпен екіжақты келіссөздер жүргізді.
2021 жылғы 15-16 сәуірде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М. Әшімбаевтың ТМД ПАА Кеңесінің отырысына және ТМД ПАА-ның 52 пленарлық отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургке жұмыс сапары өтті. Сапар аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы В. Матвиенкомен кездесу өтті.
2021 жылғы 13-14 сәуірде ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Е. Қошанов жұмыс сапарымен Мәскеуге барды.
2021 жылғы 22 наурызда ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Мәскеуге жұмыс сапары өтті, оның шеңберінде РФ үкіметінің төрағасы М.Мишустинмен, сондай-ақ Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорацияларының және қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен келіссөздер жүргізді.
2021 жылғы 4 ақпанда Алматыда ЕҮАҚ және Цифрлық форум аясында ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен кездесуі өтті.
2020 жылғы:
2020 жылғы 3 желтоқсанда Қ.Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Д. Козакты қабылдады.
2020 жылғы 30 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырыстарына қатысты. Бейнеконференция форматында кеңес отырысы, сондай-ақ ҰҚШҰ ПА-ның он үшінші пленарлық отырысы өтті.
2020 жылғы 10 қарашада ҚР Президенті Қ. Тоқаев ШЫҰ саммитіне және 2 желтоқсанда – ҰҚШҰ ҰҚК БКБ форматтарында қатысты.
2020 жылғы 7-8 қазанда ҚР Премьер-министрі А. Маминнің Мәскеуге жұмыс сапары өтті, оның шеңберінде ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық өзара іс-қимылдың басым бағыттары талқыланды. Ресей Федерациясының Орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорацияларының және қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулер өткізілді.
2020 жылғы 24 маусымда ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысты.
2020 жылғы 10-11 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды.
2020 жылғы 6 наурызда РФ ҚК төрағасының орынбасары Д. Медведев жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға барды.
2020 жылғы 30-31 қаңтарда ҚР және РФ Үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына және "жаһандық экономиканың цифрлық болашағы" форумына қатысты. Сондай-ақ, олардың кездесуі 2020 жылдың 17 шілдесінде Минскіде ЕҮАҚ отырысы аясында өтті.