Экономикалық ынтымақтастық

САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

Ресей Қазақстан Республикасының негізгі сыртқы экономикалық серіктесі болып  қалуда.

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2024 жылғы 11 ай аралығында 24 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 0,9% - ға төмен.

2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына жалпы ресейлік инвестициялардың көлемі 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 43,7% - ға артық (1,962 млрд. АҚШ). Соңғы 20 жылда жинақталған инвестициялар көлемі - 25,2 млрд. Өз кезегінде Ресей Федерациясына қазақстандық инвестициялар шамамен 8,7 млрд долларды құрады.

2024 жылдыі 26 қыркүйегінде Мәскеу қаласында Елшілік «Қазақстан-мүмкіндіктер векторы» бизнес диалогын өткізді. Іс-шараның мақсаты ҚР инвестициялық мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру болды. Бизнес-диалог жұмысына екі елдің салалық министрліктері мен даму институттарының басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) және машина жасау, металлургия, АӨК, химия өнеркәсібі, туризм және т.б. экономиканың басым салаларынан ресейлік және қазақстандық компаниялардың 200-ден астам өкілдері қатысты.

Экономикалық өзара іс-қимылдың практикалық мәселелерін шешуге ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның (25-ші отырыс 2024 жылғы 16-17 қазанда Мәскеу қаласында өтті) және оның құрамына кіретін ынтымақтастықтың салалық бағыттары бойынша 7 Кіші комиссияның жұмысы ықпал етеді: банкаралық және инвестициялық; көлік; өңіраралық және шекара маңы; әскери-техникалық; ОЭК саласында; индустрия саласында; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында.

Өңіраралық өзара іс-қимыл өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламалары және екі елдің өңірлері арасында жасалған 200-ден астам шарттар мен келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Жыл сайын мемлекет басшыларының қатысуымен Өңіраралық ынтымақтастық форумы өткізіледі. Жергілікті әкімшіліктер мен іскер топтар делегацияларының сапарларымен белсенді алмасу жалғасуда.

2024 жылғы 26-27 қарашада РФ Башқұртстан Республикасының Уфа қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен «гибридті» форматта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың XX форумы өтті.

Мерейтойлық форум делегацияларының құрамында Ресейдің 24 субъектісінің 500-ден астам өкілі, Қазақстанның 15 облысының 200-ден астам өкілі болды, 306 компания қатысты, іс-шараны БАҚ-нің 200-ден астам өкілі жариялады.

Өңіраралық ынтымақтастықтың келесі ХХІ форумын 2025 жылдың күзінде Орал қаласында өткізу жоспарлануда.