8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке алу
ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
1) Белгіленген үлгідегі белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты;
1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі - Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған елдердің азаматтары болып табылатын шетелдіктер үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратынн органдарының қолдаухатын ұсыну қажет;
2) Фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi толтырылған есепке алу карточкасы;
3) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы нотариалды куәландырылған, сондай-ақ заңдастырылған немесе апостильденген өтініш-келісім.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМДЫ ТӨЛЕУ
КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН БРОНДАУ СІЛТЕМЕСІ
https://www.kazembassy.ru/rus/select_city
КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.
Сондай-ақ, дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.
Мекенжай: Мәскеу қ., Чистопрудный бульвары, 3А үй.
Тізбе бойынша сұрақтар туындаған жағдайда
Тел.: + 8-925-897-71-14, E-mail: consul.moscow@mfa.kz