Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

  • Екатеринбург

    +7-939-919-76-33

Қайтып оралуға арналған куәлік

Қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат.

 Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер):

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;

2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;

4) босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда;

6) осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға – олар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3) немесе 6) тармақшаларына сәйкес жарамсыз жеке басын куәландыратын құжаттарын тапсырған жағдайда ресімдейді.

ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);

2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (жоғалтқан жағдайда);

3) өлшемі 3х4 см түрлі-түсті екі фотосурет;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (болған кезде) бірінің түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін жеке басты куәландыратын электронды құжат, ал ол болмаған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толтырылған Сауалнама-өтініш;

6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады (жынысын өзгерткен жағдайда).

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ

  • 2 (екі) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған кезде;
  • 10 (он) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде.

КОНСУЛДЫҚ АЛЫМДЫ ТӨЛЕУ

  • Сумма – 570 Ресей рублі доллары

КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН БРОНДАУ СІЛТЕМЕСІ

https://www.kazembassy.ru/rus/select_city 

КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

Мекенжай: Мәскеу қ., Чистопрудный бульвары, 3А үй.

Тізбе бойынша сұрақтар туындаған жағдайда

Тел.: - 8-925-897-71-14, E-mail: consul.moscow@mfa.kz