8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал бала өлі туылған жағдайда – туған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей мыналарды беру қажет:
1) баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
4) егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім;
5) егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы;
6) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін);
7) баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы актілік жазбаның көшірмесі;
8) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).
Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:
2) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМДЫ ТӨЛЕУ
КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН БРОНДАУ СІЛТЕМЕСІ
https://www.kazembassy.ru/rus/select_city
КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.
Сондай-ақ, дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.
Мекенжай: Мәскеу қ., Чистопрудный бульвары, 3А үй.
Тізбе бойынша сұрақтар туындаған жағдайда
Тел.: - 8-925-897-71-14, E-mail: consul.moscow@mfa.kz