Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

  • Екатеринбург

    +7-939-919-76-33

Консулдық бөлімнің жаңалықтары

Қазақстан Республикасы азаматтарының Беларусь-Ресей шекарасын кесіп өту ерекшеліктері

10.11.2023

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясына кіру, Ресей Федерациясынан шетелдік азаматтардың келуі мен кету тәртібін анықтайтын үкіметаралық келісімдер халықаралық жолаушылар тасымалы үшін ашық өткізу пункттері арқылы Ресейдің Мемлекеттік шекарасынан өтуді көздейтін норманы қамтиды.

Бұл ретте, Беларусь-Ресей мемлекеттік шекарасында Ресей Федерациясы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 482 қаулысымен белгіленген тәртіппен құрылған және ашылған өткізу пункттері жоқ. Оларды құзыретті органдармен белгілеу жоспарланбайды, бұдан басқа, бұл рәсімдер ұзақ сипатта болады, бұл үшінші елдердің азаматтарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарының) Беларусь-Ресей мемлекеттік шекарасын теміржол және автомобиль көлігімен заңды түрде кесіп өту мүмкіндігінің болмауын негіздейді.

Осы уақытқа дейін Ресей мен Беларусь үшінші ел азаматтарының өз аумақтарына кіру, шығу және болу режимі туралы толық келісімге келген жоқ. Атап айтқанда, Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына Одақтың ішкі шекарасы арқылы кіру, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы транзитпен өту тәртібі белгіленбеген.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары Беларусь-Ресей шекарасын әуе көлігімен немесе үшінші елдер арқылы тек Қазақстан Республикасының ұлттық төлқұжаты арқылы өте алады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының жеке куәлігін пайдалана отырып, үшінші елдердің халықаралық өткізу пункттері арқылы Ресейдің мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі қамтамасыз етілмейді.

Подпишитесь на рассылку