8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
2025 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі коронавирус пандемиясына байланысты уақытша енгізілген азаматтығын жоғалтуға арналған құжаттарды пошта арқылы қабылдауды тоқтатады. Құжаттарды қабылдау жеке келу арқылы жүзеге асырылатын болады.
2025 жылғы 1 қаңтарда Ресей Федерациясы Президентінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 "Шығару режимін қолдануға байланысты Ресей Федерациясындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың жекелеген санаттарының құқықтық жағдайын реттеу жөніндегі Уақытша шаралар туралы" Жарлығы (бұдан әрі – Жарлық) күшіне енді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 8 тамыздағы №260-ФЗ Федералдық заңына сәйкес Ресей федерациясына кіретін шетелдік азаматтардың уақытша болу мерзіміне қатысты өзгерістер күшіне енеді.
"Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды.
Ресейге келетін Қазақстан азаматтарының назарына!
Ресей заңнамасына сәйкес шет мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кейбір жағдайларда Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін хабарлаймыз.
"Құтты Мекен" жаңа мобильді қосымшасы – "Қандас" мәртебесін алу үшін өтінім берудің және этникалық қазақтар үшін "Ата жолы" картасын ресімдеудің ыңғайлы тәсілі.
"Ата жолы" картасы – бизнес-көшіп келушілерге немесе этникалық қазақтар арасынан талап етілетін кәсіптері бар адамдарға берілетін белгіленген нысандағы құжат.
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясына кіру, Ресей Федерациясынан шетелдік азаматтардың келуі мен кету тәртібін анықтайтын үкіметаралық келісімдер халықаралық жолаушылар тасымалы үшін ашық өткізу пункттері арқылы Ресейдің Мемлекеттік шекарасынан өтуді көздейтін норманы қамтиды.
Қазақстан Республикасының аумағына бұрын тұрған және қайта келген этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мәртебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады.