8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Отандастар қоры Қазақстандағы ЖОО-на түскісі келетін және әрқашан өз білімін жетілдіруді қалайтын балалар мен оқушыларды Bilimland.kz платформасына жазылуға шақырады!
"Ата жолы" картасы – бизнес-көшіп келушілерге немесе этникалық қазақтар арасынан талап етілетін кәсіптері бар адамдарға берілетін белгіленген нысандағы құжат.
"Отандастар қоры" КеАҚ 2024 жылдың 2 наурызынан бастап шетелдегі отандастарға арналған онлайн форматтағы қазақ тілі курсын ұйымдастырады. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қазақ тілі – орыс, ағылшын, түрік және парсы тілдерінде үйретіледі. Сабақ кестесі әлемнің түкпір-түкпіріндегі отандастарымызға ыңғайлы уақытқа қойылады.
Алматының әсем тауларындағы "Медеу" мұз айдынында аты аңызға айналған қазақстандық "Азия дауысы" фестивалі 18 жылдан кейін қайта жаңғырмақ.
2022 жылғы 14 сәуірде Ресей Ұлттық кітапханасында қазақ қоғам қайраткері, ғылым лингвист Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және атақты жазушы, академик Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған кітап көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2021 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығында ү.ж. маусым айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен "Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім" атты XVIII Халықаралық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
2021 жылғы 29 шілдеде Омбы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына байланысты "Ашық аспан астында домбра күні" атты музыкалық байқау-фестивалі өтті. Аталған іс-шараны Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығының қолдауымен "Омбы қазақтары" аймақтық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
2021 жылғы 5 наурызда Қазақстанның Омбыдағы Консулдығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде және қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, "Алаш" қозғалысының негізін қалаушы, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдығына арналған "Қазақстан: Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет" (тарихы, бүгіні, болашағы)" атты оффлайн/онлайн дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Ресейдің мәдени астанасында ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты өтті.
Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.