ЖОО туралы ақпарат

Ресейде оқитын қазақстандық жастардың студенттік өмірі жайлы

2022-2023 оқу жылында Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттердің саны шамамен 67 мың адамды құрады.

Ресей ЖОО-да ҚР азаматтарын оқыту үшін білім гранттары бөлінеді:

- үкіметаралық келісімдер шеңберінде (сыртқы істер министрлігі, Ресей ынтымақтастығы желісі бойынша, ТМД Желілік университеті, ШЫҰ Университеті шеңберінде);

- Ресей және қазақстандық жоғары оқу орындары, аймақтар, қалалар арасындағы екіжақты келісімдер негізінде;

- шетелдік студенттерді оқыту үшін өз бетінше ресейлік жоғары оқу орындары.

РФ-дағы қазақстандық студенттерді оқыту құрылымы: 

1.

Гуманитарлық мамандықтар (педагогика, тарих, философия, журналистика және т. б.)

40%

2.

Инженерлік-техникалық мамандықтар (металлургия, тау-кен ісі, Мұнай және химия өнеркәсібі және т. б.)

35%

3.

Жаратылыстану ғылымдары (медицина, фармацевтика, физика, химия және т. б.)

 

25%

Айта кету керек, соңғы жылдары қазақстандық талапкерлер Қазақстанда талап етілетін мамандықтарды таңдай бастады (студенттердің 45%-ы), олар IT - технологиялар, нано және биотехнология, робототехника және өзекті жүйелер, радиоэлектроника, информатика және есептеу техникасы, инжиниринг - тау-кен ісі, инжиниринг-металлургия. Бұрын заңгерлер мен қаржыгерлер сияқты сәнді мамандықтар үлкен сұранысқа ие емес.

Айта кету керек, қазақстандықтар арасында бірінші орын алып отыр шетелдік студенттер оқитын болады.

Кейбір ҚР аумақтары РФ екі жақты келісім негізінде қажетті мамандықтарды игеру үшін ресейлік, оның ішінде мәскеулік оқу орындарында оқытып жатыр. Мысалы, 2016 жылы Қызылорда облысының басшылығы 178 студентті К. А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясы оқуға жіберді. Білім алуды аяқтаған мамандарды облыс әкімдігі өлкелік ұжымдарға орналастыруды жоспарлап отыр.

Бүгінгі күні осы сияқты тәжірибелер қажетті және өзекті болып отыр. Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің жаңа тәсілдері негізінде осындай бағдарламалар енгізу және оны жетілдіру, жастарды ынталандырудың бір жолы болып отыр.

Оқу бағытын таңдауда негізінен экономика, денсаулық сақтау және мәдениет, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтар басым және Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы оқу орындарға түсуге ерекше  көңіл бөлінеді.

ҚР азаматтары таңдайтын РФ ЖОО тізіміне мына оқу орындары  жатады: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті (МГУ), «Экономика Жоғарғы мектебі» (НИУ ВШЭ)Ұлттық зерттеу университеті, Плеханов атындағы университет, Бауман атындағы мемлекеттік техникалық университет, Ресей халықтар достығы университеті (РУДН),  Губкин атындағы Ұлттық ядролық зерттеу институты (МИФИ), Санкт-Петербор Мемлекеттік университеті (СПбГУ), Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (МГИМО) и Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызметтер академиясы (РАНХиГС).

Мәскеуде осы үлкен шоғырдың бар екенін ескере отырып, Елшілік өз кезегінде студенттердің әр түрлі мәселелері бойынша, соның ішінде Ресей астанасының өміріне үйренуге бағытталған көптеген шаралар өткізеді.

Студенттік ұйымдардың басшыларымен жүйелі түрде кездесулер өткізіп тұрады. Сондай кездесулер кезінде Елшілік қызметкерлері Қазақстанның қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарымен бөлісіп отырады. Болу елінің астанасында тұру ерекшеліктері мен құқық бұзушылықтан бас тарту мәселелері төңірегінде дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіп тұрады. Атап айтқанда барлық кездесулерде қазақстандық студенттерге болу тәртібіне байланысты тиісті талаптарды сақтау туралы мәліметтер жеткізіліп отырады.

Студенттер сондай-ақ ҚР шет елдегі елшіліктердің жұмысымен және міндеттерімен танысады. Студенттерге оқу уақытында консулдық есепке тұруға байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, құқықтық көмек және бірінші курс студенттерін қолдау төңірегіндегі сұрақтар талқыланады.

Қазақстандық студенттердің әлеуметтік-психологиялық қырынан (оқудан тыс мінез-құлықтары, тұрмыстық жағдай) бейімделуіне арнайы назар аударылады. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу барысында Елшілік тарапынан әр түрлі қоғамдық шаралар өткізуге ерекше назар аударылады.

Оқу орындарының ақпараты бойынша, қазақстандық студенттердің оқу барысындағы жалпы оқу үлгерімі жақсы деп бағаланып отыр.

ҚР-сының РФ Елшілігінің ресми сайтындағы Консулдық бөлімде қазақстандық студенттерге арналған арнайы айдар қарастырылған. Бұл жерде онлайн режимде уақытша консулдық есепке тұруға, Қазақстан туралы маңызды мәліметтерді алуға мүмкіндік бар.