Студенттерге арналған пайдалы ақпарат

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңының 26 – бабы 1-тармағының 13 тармақшасына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі-МӘМС) жарналарды мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.

Алайда, шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің деректері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінде жоқ, себебі Қазақстан аумағында осы тұлғалар студент ретінде тіркелмеген. Осыған байланысты, оларға МӘМС аясында медициналық қызметтерді алу қолжетімсіз.

Осыған орай, студент egov.kz электрондық үкімет порталында "шетелде оқитын студенттерді тіркеу" бөлімінде оқуын растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) тіркеу арқылы өтініш беруі тиіс. 

Нұсқаулық:

1-қадам. Электрондық үкіметтің egov.kz сайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз.

2-қадам. "Қызметтер" бөлімінен "Шетелде оқитын студенттерді тіркеу" тармағын таңдаңыз.

3-қадам. Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз.

4-қадам. Өтінім өңдегеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.

Тиісті орган деректерді тексеріп, студент мәртебесін жаңартқаннан кейін Сіз сессия аяқталғанға дейін сақтандырыласыз. Әр сессиядан кейін студент қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі керек.