Студенттерге арналған пайдалы ақпарат

Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жоғарғы білім беру саласында белсенді дамып жатыр болады

Қазақстан мен Ресей арасындағы Үкіметаралық келісімдер аясында 2003 жылдан бастап Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы азаматтарына арнайы оқу гранттарын бөліп келеді. Шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді тарту бағдарламасы бойынша ресейлік оқу орындарындағы атақты ғалымдар да шақырылады.

Сондай-ақ, қолданыстағы келісімдер төңірегінде ғылыми жобаларды жүзеге асыру, студенттерді, магистранттарды, докторанттарды даярлау және алмастыру, біліктілікті арттыру, ғылыми тағлымдамадан өткізу жұмыстары жүзеге асырылып келеді.

РФ мен ҚР екіжақты ғылыми ынтымақтасу келісімінде жоғарғы оқу орындарына ерекше назар аударылған. Екі мемлекеттің жоғарғы оқу орындары арасында тығыз байланыстар қалыптасқан: М.В.Ломоносов атындағы мемелекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік университеті, ММХҚИ, ММЛУ, МИСиС және т. б. Сондай-ақ, қазақстандық жоғарғы оқу орындары: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қарағанды Мемлекеттік университеті және т.б. тарапынан халықаралық  білім беру алаңында белсенді жұмыстарын  жүргізуде.   

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничийдің қолдауымен Ломоносов атындағы университеттің қазақстандық филиалы ашылып, өз қызметін жүзеге асыруда.  Қазіргі уақытта мемлекетаралық келісімдерге сәйкес РФ БҒМ және ҚР БҒМ осы филиалдың жұмысын реттейтін құжаттарды бекітті. Осылайша қазақстандық жастар әлемдік стандарттарға сәйкес білімді шетелге шықпай-ақ кәсіптік жоғарғы білімді алу мүмкіндігіне ие.

Білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту шараларындағы перспективті жобалардың бірі – ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ Университеті.

2008 жылы Желілік университеті бастаушысы болып ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорына қатысушы мемлекеттердің қолдауымен Ресей халықтар достығы университеті кірді.

Шараларды жүзеге асыру барысында Ресей мен Қазақстан ТМД-дағы негізгі серіктес болып табылады, аталмыш шараға екі елдің жетекші оқу орындары белсене қатысады. Бастапқыда жобаны қаржыландыру РФ квотасы есебінен және Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының квоталарын және гранттарын қолданумен жүзеге асты. Кейін осы шараларды мемлекеттердің білім және ғылым министрліктері қолдады. ТМД Желілік университетінде оқу үшін мемлекеттердің ұлттық бюджеттері қаражаттарынан квоталар бөлінетін болды.

Айта кеттетін жағдай, Желілік университет ТМД аумағындағы академиялық мобильдіктіктің қолайлы механизмі болды. Ресей мен Қазақстан студенттері бір мезгілде ТМД-ның ең беделді университеттерінде білім алу мүмкіндігін пайдаланса, профессорлар-оқытушылар құрамы өзге оқу орындарындағы әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие.

Желілік университет жұмысы, ТМД және ШЫҰ Университетінің жобаларын жүзеге асырады, сондай-ақ, студенттік, оқытушылық аяда мәдениет аралық диалог орнауына, әр түрлі халықтың тілін, тарихын, ұлттық құндылықтарын тануға себеп болады.

Осылайша, Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы жоғарғы білім беру саласында екіжақты және көпжақты форматтарда белсенді дамып жатыр деп айтуға болады. Бұл білім беру саласындағы мүмкіндіктердің кең спектрлі дамып келе жатқандығын, болашақта үлкен мүмкіндіктері бар екендігін көрсетеді.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мемлекеттің мүмкіндігінің немесе ірі қаржыландыру көздерінің белсенді түрде қолдауымен екі елдің де өз ұлттық мүдделері мен қажеттіліктері шеңберіндегі елеулі күш-жігерді талап етеді.