8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Құрметті студенттер – Қазақстан Республикасының азаматтары!
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөлімі Ресей Федерациясына оқуға келген Қазақстан Республикасы азаматтарын уақытша консулдық есепке тұруын өтінеді.
Консулдық есепке тұру не үшін қажет:
– Сіздердің құқықтарыңыз мен мүдделеріңізді қорғау үшін, әзірге сіз шет елде болғандықтан, Қазақстан азаматы ретінде мемлекеттің қарауында қорғауда боласыз;
– Қазақстан Республикасы Заңнамасында көрсетілген конституциялық және басқа да құқықтарыңызды жүзеге асыру үшін (мысалға, сайлау құқығы, алдағы сайлау мен референдум туралы қажетті ақпарат алу, ҚР заңнамаларының жаңа ережелерін түсіндіру және қажетті ақпаратты алу және т.б.)
– Сіз бен мемлекет арасында байланысты үзбеу үшін, шұғыл жағдай туған жағдайда сіздің Отанға оралуыңызды жеңілдетеді. (паспортты жоғалту, табиғи катаклизмдер мен апаттар және басқа да форс-мажорлық жағдайда елден шығару үшін, төтенше жағдай немесе қайғылы жағдай туралы Сіздің ҚР жақындарыңызға хабарлау үшін);
– Қазақстан Республикасына Сіздің баруыңызды талап етпейтін мәселелерді шешу үшін (мысалға, паспортты рәсімдеу немесе ауыстыру, азаматтық жағдай актісін тіркеу, сенімхатты рәсімдеу, басқа да анықтамалар).
Шетелдегі өз азаматтарын консулдық қамтамасыз етудің осындай түрі көптеген елдерде қолданысқа ие және ол азаматтардың құқығы мен еркіндіктеріне еш шек келтірмейді.
Сіз жіберген жеке мәліметтер құпия сақталады және Сіздің рұқсатыңызсыз бөгде адамдарға берілмейді.
Уақытша консулдық есепке тұру үшін Консулдық бөлімге келесі құжаттарды тапсыру қажет: