8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Визалық сұрақтар: |
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары 2005 жылдың 17 мамырынан Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті арасындағы ортақ өтініш негізінде екі елдің территориясында ҚР азаматтары жеке куәлігі негізінде жүре алады. Тіркеусіз жүру мерзімі - 30 тәулік, уақытша тіркеумен – 90 тәулік. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап «2013 жылдың 28 желтоқсанынан № 389-ФЗ Ресей Федерациясына келу мен Ресей Федерациясынан кету тәртібі туралы» Федералдық заңының 27 бабына өзгерістер енгізу туралы Федералдық заң күшіне енді. Жаңа заңға сәйкес Ресейге келген шетел азаматтарының, соның ішінде визасыз тәртіппен келген қазақстандықтардың уақытша болу мерзімі 90 тәулікпен, әр кезеңге жалпылама 180 тәулікпен шектелген. |
Паспорттың жарамдылығы: |
Паспорттық бақылаудан екі елдің ішкі құжаттары арқылы өту мүмкіндігі берілген. 16 жасқа дейінгі балалар, Қазақстан азаматтары шекараны туу туралы куәлікпен өте алады. |
Кедендік бақылау: |
2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы кедендік бақылау күшін жойған (Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы интеграциялық ынтымақтастық шеңберінде). |
Әкелуге/әкетуге тыйым салынған заттар: |
Ресейге алып келуге тыйым салынған тауарлар: 1. Порнографиялық сипаттағы баспа, фото және видео өнімдер, сонымен қатар мемлекеттік құпияны қамтитын, расизмді, ұлтшылдықты, терроризмды, ұлттық немесе діни жаушылдықты насихаттайтын кез-келген форматтағы материалдар. 2. Жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар. 3. Есірткі заттары. 4. Арнайы рұқсатсыз қару-жарақ және оның құрамдас бөлшектері, оқ-дәрілері (сонымен бірге пневматикалық, суық және газ қарулары жатады). Адам мүшелері, биологиялық ұлпалар, қан және оның компоненттері. |
Санитарлық бақылау: |
2011 жылдың 1 шілдесінен № 880 Ресей Федерациясының Президентінің «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы мен Белорусь Республикасы арасындағы мемлекеттік шекарадағы сәйкестелген бақылау турлерін жою туралы» Үкіміне сәйкес Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы мен Белорусь Республикасы арасындағы мемлекеттік шекарасындағы кедендік, транспорттық, ветеринарлық, санитарлық-карантиндік бақылау жүзеге асырылмайды. Ветеринарлық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға бірегей ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптар: |
Фитосанитарлық бақылау: |
|
Ветеринарлық бақылау: |
Террористік қауіп-қатер: |
Соңғы жылдары РФ құқық қорғау органдарының арқасында террористік қауіп-қатер деңгейі күрт азайған. Дегенмен Солтүстік Кавказ (тізімді төменде қараңыз) аймағына іскерлік және жеке сапарларды жоспарлаған кезде сақталып отырған террористік актілерді ескеру қажет. |
Қылмыс: |
Жалпы қылмыстық жағдайлар елдегі құзырлы органдармен бақыланады. Алайда Солтүстік Кавказ аймағындағы бірқатар елді-мекендерде қылмыстың жоғарғы деңгейі байқалады (тізімді төменде қараңыз). |
Елдің әртүрлі аймақтарына бару |
Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан, Кабардино-Балкария, Карашай-Шеркес, Солтүстік Осетия елді-мекендерінде сақтық шараларын ұстануға кеңес беріледі. |
Құқық қорғау органдарымен ұсталынған жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз: |
Егер құқық қорғау органдарымен қамауға алынсаңыз қамаудың себептерін біліп, консулдық қызметпен байланысқа шығуға талпыну қажет. |
Ерекшеліктері: |
РФ жолдарында көліктер оң жақ қозғалыспен жүреді |
Жанармайдың негізгі түрлері: |
ДО, АИ-91, АИ-92, АИ-93, АИ-95, АИ-98 |
Автотұрақтардың болуы: |
Қалаларда автомобиль тұрақтары мен ақылы тұрақ орындары жеткілікті |
Жол салығын төлеу қажеттілігі: |
Тегін федералды жолдармен қатар, ақылы автожолдар да бар |
Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі: |
Барлық автомобиль иелері Көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін рәсімдеуі қажет (қысқ. АЖМС). АЖМС полисі сақтандыру компанияларында сатылады |
Қазақстандық көлік жүргізу куәлігін қолдану мүмкіндігі: |
ҚР ІІМ берген жүргізуші куәлігімен Ресейде жүруге болады |
Автомобильді сақтандыру: |
КАСКО полистері (автомобильдің ерікті сақтандыруы) сақтандыру компанияларында рәсімделеді |
Автокөлік құралдарын жалға алу: |
Сіз Ресейдің ірі қалаларының басым көпшілігінде автомобильді жалға ала аласыз. Бұл үшін сізде жалпы азаматтық төлқұжат және 1 жылдан жоғары өтілі бар жүргізуші куәлігіңіз болуы қажет. |
ЖКО болған жағдайда Сіздің әрекетіңіз: |
1. Автомобильді тоқтатып, қозғалтқышты сөндіріңіз, «апатты дабылды» қосыңыз. 2. Апаттың тоқтау белгісін қойыңыз (қала сыртында ЖКО болған жерден 30 метрге дейін, қалада ЖКО болған жерден 15 метрге дейін). 3. Жол апатынан тек машинаға ғана зақым келгеніне көз жеткізіңіз. Егер жүргізуші немесе жолаушы дене жарақатын алған болса, бірден «Жедел жәрдем» шақырыңыз және алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз: қанды тоқтатып, мыжылған көлік шанағынан алып шығару керек. Егер жол апаты қаладан алыс жерде орын алған болса, онда зардап шегушіні өз көлігіңмен немесе жолда кетіп бара жатқан көлікпен ауруханаға жеткізу керек. 4. Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясына (МЖҚҚИ) телефон шалып, жол апаты болғанын хабарлаңыз. Бағдар ретінде жақын маңдағы ғимараттардың мекен-жайын пайдаланыңыз. 5. МЖҚҚИ қызметкерлері келгенше жағдайды бақылаңыз. Қандай жағдай болсын машинаны орнынан жылжытпаңыз және сол жердегі сынған заттарды алмаңыз. 6. Оқиға куәгерлерінің аты-жөндерін, байланыс деректерін жазып алыңыз. 7. Оқиға орнын әр қырынан фотокамераға немесе мобильді телефонға түсіріп алыңыз. 8. Жүргізушімен сөйлеспеңіз, оған өз құжаттарыңызды бермеңіз, спиртті ішімдік ішпеңіз. Жол жиегінен қауіпсіз жерге барыңыз. 9. Егер жол апатынан адамдар зардап шекпесе, жол апатына қатысушылар жүргізушілердің кінәлілігі мен келген залалға қатысты келіспеушілік болмаса (ол 50 мың рубльден артық болмауы қажет), онда ЖКО туралы хабарлама – еурохаттама толтыруға болады (мұндай нұсқа заңнамада қарастырылған). 10. МЖҚҚИ инспекторлары оқиға болған жерді қарап, хаттама толтырғаннан кейін ғана машинаны алуға болады. |
Қалыптасқан тәртіп нормалары: |
Ресей зайырлы, көпұлтты және жартылай конфессиялық мемлекет болып табылады. Кең тараған дін – христиандық (православие). Ресейдің тәртіп нормалары еуропалық мемлекеттердің қалыптасқан тәртіп нормаларына сәйкес келеді. Мұсылмандар көп тұратын аймақтарда басқа дін өкілдері -қонақтардың тиісті тәртіптерді сақтауы талап етіледі, әсіресе, қасиетті орындарға барғанда әйелдердің қалыптасқан киім үлгілері мен тәртіп ережелерін сақтау ұсынылады. |
Әртүрлі қылмыс түрлеріне қолданылатын жазалар: |
Қоғамдық орындарда (адамдар көп жиналатын орындарда), қоғамдық ғимараттардың кіреберісіне 15 метр жақын жерде, теміржол және теңіз вокзалдарының, кәсіпорындардағы тамақтанатын орындардың, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет, мәдени, білім беретін және көңіл көтеретін мекемелердің аумақтарында, уақытша тұру ұйымдарында (қонақүй, отель, хостелдерде), алыс жолға шыққан пойыздар мен теңіз көліктерінде, балалар алаңының аумағында, үйлерге кіреберісте және тағы басқа орындарда темекі тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, барлық қоғамдық орындарда, оның ішінде аулаларда, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, лифтіде, балалар мен білім беретін, спорттық, медициналық нысандар мен оған жақын аумақтарда, саябақтарда, орманды алаптарда сондай-ақ, қоғамдық көліктің барлық түрлерінде, аялдамаларда, вокзалдар мен әуежай базарларында, адамдар көп жиналатын басқа да орындарда, ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсететін орындарда сатып алынған алкогольді өнімдер мен сыраны қоспағанда, алкогольді ішімдіктер мен құрамында спирті бар өнімдерді, сонымен қатар, сыра ішкені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. РФ Қылмыстық кодексінің 291 бабына сәйкес, лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін ауырлық деңгейіне қарай ақшалай айыппұл немесе бас бостандығынан айыру қарастырылған. |
Елдің отбасылық заңнамасы: |
Ресей Федерациясының Отбасылық Кодексімен реттеледі. |
Ел аумағында шетелдіктердің меншік иелену туралы жергілікті заңнамасы: |
Шетел азаматтары Ресей аумағында ресейлік азаматтармен қатар тұрғын үй алуға құқығы бар. Алайда РФ Жер кодексінің 15 бабына сәйкес, шетелдіктердің жер алуға қатысты бірқатар шектеулері бар. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар шекаралық аумақтарда орналасқан жер телімдеріне меншік құқығын иеленуге құқығы жоқ. Шетел азаматтарына мемлекеттік немесе муниципалдық меншіктегі жер телімдерін ұсынуға жол берілмейді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді жеке меншікке беруге тыйым салынады. Егер шетел азаматы жер телімін жеке тұрғын үй салу үшін (мысалға, тұрғын үй құрылысына) алған болса, шетел азаматтары үшін ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді сатып алуға қойылған шектеулер қолданылмайды. |
Денсаулықүшін қатерлер, жиі кездесетінаурулар: |
Ресейге келерде қандай да бір арнайы иммундық алдын алу шаралар талап етілмейді. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде қауіпсіз деп бағаланады. Тұмау мен өткір респираторлы вирусты аурулар типтік аурулар болып табылады. |
Медициналық қызметтің ерекшеліктері: |
Ресейде медициналық қызмет мемлекеттік және жеке ауруханалар мен емханаларда көрсетіледі. Медициналық қызмет өмiрiне немесе денсаулығына қатер төнген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан азаматтары үшін, оның ішінде тұрақты тұруға рұқсаты бар тұрғындарға да толықтай ақылы. Ертерек халықаралық медициналық сақтандыруды рәсімдеу ұсынылады. |
Екпелер: |
Екпелер барлығы, әсіресе, балалар үшін қолжетімді. Сонымен қатар, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың екпе алуы міндетті. |
Медициналық сақтандыру: |
Медициналық сақтандыру Ресейде 1993 жылдан бері екі түрде жүреді: міндетті және ерікті. Міндетті медициналық сақтандыру әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикасы бар елдердің типтік және мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің бөлігі болып табылады. Ерікті міндетінің қосымшасы ретіндегі медициналық сақтандырудың жеке түрі болып табылады. |
Жедел медициналық көмек: |
Жедел медициналық көмектің басқа медициналық көмектен негізінен айырмашылығы: оның жедел медициналық көмек көрсету жағдайларында және мерзімі ұзартылған – шұғыл жағдайларда кідіріссіз көмек көрсету сипаты (шұғыл медициналық көмек); оның көмек көрсетудіен бас тартпайтын сипаты; жедел медициналық көмекті тегін көрсету тәртібі; уақыт тығыз жағдайда диагностикалық белгісіздік; әлеуметтік маңыздылығының айқындығы болып табылады. Жедел медициналық көмек көрсету жағдайы: Медициналық ұйымнан тыс жерде (бригаданы шақыру жері бойынша, медициналық эвакуациялау кезінде көлік ішінде); амбулаторлық (тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеу қарастырылмаған жағдайда); стационарлық (тәулік бойы бақылау мен емдеу қамтамасыз етілген жағдайда). «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарының жедел және шұғыл медициналық көмек алуға тең құқығы туралы» 1998 жылдың 24 қарашасындағы Келісімнің 3-бабына сәйкес, 1999 жылдың 30 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 1081 Қаулысы бекітілген (Ресей Федерациясы үшін 2002 жылдың 24 шілдесінде күшіне енді). Бұл тарап азаматтары кенет ауыр жағдайда ауырып қалғанда, сырқаттың өміріне қауіп төнгенде денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесіне сәйкес, уақытша болған азаматтар мемлекеттік бюджет есебінен емделгендіктен мекеменің емдеу-профилактикалық шығындары өтеледі. Ресей Федерациясы аумағында шетел азаматтарына медициналық көмек көрсету Ережесінің 3-6 баптарына сәйкес, Ресей Федерациясы Үкіметінің 01.09.2005 жылғы «Ресей Федерациясы аумағында шет ел азаматтарына медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» № 546 қаулысы бекітілген. Онда шетел азаматтарына денсаулық сақтаудың муниципалды жүйесі мен шұғыл емдеу-профилактикалық қызметтерді мемлекеттік мекемелер жедел медициналық көмекті тегін көрсететіні қарастырылған. Сонымен қатар, олардың өміріне қауіп төнетіндей немесе жедел медициналық көмекті қажет еткен жағдайда медициналық тұлғалар мен қызметкерлер заң бойынша немесе арнайы ереже бойынша алғашқы медициналық жәрдемді көрсетулері міндетті (улану, жарақаттану және басқа да келеңсіз жағдайларда). Шет ел азаматтарына белгілі бір жәрдем жасалғаннан кейін де денсаулығы сыр берген жағдайда жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі. Ол көмек оның өміріне қауіп төнбейтіндей жағдайда, ақылы түрде немесе міндетті және ерікті медициналық көмек арқылы жүзеге асады. |
Ветеринарлық жедел жәрдем: |
Ветеринарлық жедел жәрдем мамандандырылған ветеринарлық клиникаларда көрсетіледі. Олардың көбі тәулік бойы жұмыс істейді. Телефондары мен мекен-жайын интернеттен табуға болады. Қызмет құнында аймаққа байланысты айырмашылық бар. Қызмет көрсетудің орташа құны 2000 рубльден басталады. |
Қажетті телефондар: |
Өрт кезінде - 01, милиция бригадасы қажет болса – 02, медициналық көмек үшін – 03, тұрмыстық газға қатысты келеңсіздіктер болса – 04 нөміріне хабарласыңыз. Ресей қалаларының әрбір ауданында өз пошта бөлімшесі бар, қажет кезінде сәлемдеме жіберуге немесе қоңырау шалуға болады. Сондай-ақ, сөйлесу пункттері арқылы да хабарласуға болады. Қалааралық байланыс бойынша қоңырау шалу үшін 8+қала коды+шақырылатын абоненттің нөмірін тересіз. Халықаралық қоңырау шалу үшін 00 (халықаралық байланысқа шығу)+елдің телефон коды+қала коды+шақырылатын абоненттің нөмірін тересіз. |
Басқалар : |
Көптеген такси тұрақтары бар. Айырықша белгілі және баға бойынша қолжетімдісі «Яндекс-Такси». |
Теміржол, автобус вокзалдары мен әуежайдың қала орталығынан қашықтығы, олармен көлік байланысы: |
Қала орталығынан Шереметьево әуежайына дейін – 32 км; Қала орталығынан Внуково әуежайына дейін– 30 км; Қала орталығынан Домодедово әуежайына дейін– 48 км. Мәскеуде 9 теміржол вокзалы жұмыс істейді: Бeлopycь, Қaзaн, Kиeв, Kypcк, Лeнингpaд, Caвeлoв, Пaвeлeц, Pига, Яpocлaв вокзалдары және аталған барлық теміржол вокзалдары Үшінші көлік айналмасы маңында орналасқан. «Aэpoэкcпpecc» электрпойыздарымен әуежайға дейін келесі вокзалдардан жете аласыз: Kиeв вокзалынан — Bнyкoвo әуежайына дейін; Бeлopycь вокзалынан — Шepeмeтьeвo әуежайына дейін; Пaвeлeц вокзалынан — Дoмoдeдoвo әуежайына дейін. |