Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

  • Екатеринбург

    +7-939-919-76-33

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуі аясында Ұйымның тарихындағы алғашқы музыкалық фестиваль өтті

28.05.2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің музыкалық ұжымдарының қатысуымен алғашқы "Jibek Joly Uni" музыкалық фестивалі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Ұйымдағы қазақстандық төрағалық ету кезеңіне арналған (2023-2024 жж.) бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырды.

Музыкалық фестивальдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, ШЫҰ Хатшылығының басшылығы мен қызметкерлері, қазақстандық дипломаттар, шетелдік музыкалық продюсерлер және қазақстандық өнер қайраткерлері қатысты.

Қазақстаның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев іс-шараға қатысушыларға бейне құттықтау сөзінде Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде Алматы Ұйымның туристік және мәдени астанасы болып жарияланғанын атап өтті. Барлық қатысушыларды "Jibek Joly Uni" халықаралық музыкалық фестивалінің салтанатты ашылуымен құттықтап, Қазақстанға арнайы келген ШЫҰ елдерінің музыкалық ұжымдарына алғыс білдірді.

ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин өзінің құттықтау сөзінде Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени және көркемдік алмасуларды дамыту үшін маңызды көпір болып, Қазақстанның төрағалығы шеңберінде Ұйымның мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылы өте жемісті нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Ол іс-шараның сәтті өткізілуі ШЫҰ елдерінің ұлттық дәстүрлерін ілгерілетуге, оның алуан түрлі мәдениеттері арасындағы алмасуға жәрдемдесуге және "ШЫҰ отбасы" шеңберінде достықты тереңдетуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

"Jibek Joly Uni" музыкалық фестивалі "Ün Music Week" бірінші халықаралық музыкалық мәдени-білім беру апталығы аясында өтті. 4 күн ішінде фестиваль қаланың әртүрлі алаңдарында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің орындаушыларын және әлемнің 12 елінен келген музыка индустриясының шетелдік сарапшыларын жинап, мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлілігін көрсетті.