Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

  • Екатеринбург

    +7-939-919-76-33

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы

Мәскеуде Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы талқыланды

16.04.2024

Мәскеуде "Аргументы и факты" баспа үйінің алаңында Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қазіргі төрағалығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Отырысты ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев ШЫҰ-ға төрағалық айтылған басымдықтарды жүзеге асыруда Астанаға ерекше жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Осы орайда ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында Ұйымды жаңғыртуға және тиімдірек көпжақты платформаға айналдыруға бар күш-жігерін салатынын еске салды.

Дөңгелек үстелдің модераторы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Халықаралық зерттеулер институты жанындағы Қытай, Шығыс Азия және ШЫҰ орталығының директоры Александр Лукин 2022 жылғы геосаяси серпіліс халықаралық жүйедегі күрделі құрылымдық өзгерістерге әкеліп соқтырғанын, бұл бір жағынан ШЫҰ-ның маңыздылығын одан әрі арттырса, екінші жағынан Ұйымның дамуы үшін қуатты ынталандыру болып табылғанын атап өтті. "Қазақстан әрқашан еуразиялық бастамалардың ең маңызды қозғалтқышы болды, сондықтан ШЫҰ-ға төрағалығынан көп үміт күтіледі", – деді ғалым.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы мәре сызығына жеткенін айтты. Төрағалық кезеңінде 90-ға жуық түрлі іс-шаралар өткізіліп, ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары бойынша 30-дан астам құжаттар дайындалуда. Ол ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бірлескен жұмысы елеулі нәтижелер әкелетініне, ал шілде айында өтетін Астанадағы ШЫҰ саммитінің қорытындылары Ұйымның одан әрі дамуына, өңірдегі ұзақ мерзімді бейбітшілікті, тұрақтылық пен экономикалық өркендеуді қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Астанада өтетін саммитті мазмұнды дайындауға Ресей тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті. "Біз Қазақстан төрағалығының басымдықтарын дәйекті түрде қолдаймыз. Бұл ұсыныстар ШЫҰ-ны шоғырландыруға және оның халықаралық белсенді позициясына бағытталған. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұйымды дамытуға және ағымдағы жаһандық және өңірлік проблемаларға қатысты шоғырландырылған көзқарастары, әдеттегідей, қазіргі уақытта әзірленіп жатқан көшбасшылардың саяси декларациясында көрініс табады", – деді ол.

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Ермекбаев дөңгелек үстелге қатысушылар алдында бейнебайланыс арқылы сөз сөйледі. Ол Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы геосаяси шиеленістің өсіп, қауіп-қатерлердің шиеленісуі және жаңа қақтығыстардың туындауы кезеңінде жүріп жатқанын еске салды. Оның пікірінше, мұндай жағдайда біздің елдеріміздің басшыларының әділ бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік туралы бастаманы қабылдау туралы Қазақстанның ұсынысы өте орынды болып көрінеді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, Қазақстан Республикасынан ШЫҰ қызметі жөніндегі ұлттық үйлестіруші Мұрат Мұқышев Қазақстан төрағалығының күн тәртібіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Оның ақпараты бойынша, жыл ішінде бірқатар маңызды іс-шаралар, атап айтқанда энергетикалық, цифрлық, туристік форумдар, Сыртқы істер министрлігі мен шекара ведомстволары басшыларының, денсаулық сақтау және цифрлық даму министрлерінің, Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы аймақтық құрылымы кеңесінің және т. б. отырыстары өткізілді. "ШЫҰ теңдік, өзара кеңесу және өзара сенім қағидаттары негізінде жетілдіруді жалғастыруда. Ал Қазақстан бұл үдерісті белсенді түрде ілгерілетуде", – деді ол.

Оны РФ Президентінің ШЫҰ істері жөніндегі арнайы өкілі, РФ ШЫҰ-дағы Ұлттық үйлестірушісі, РФ Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Бахтиёр Хакимов қолдады. Ол қазақстандық әріптестерімен үйлесімді және тату бірлескен жұмысты атап өтіп, Астанада өтетін алдағы саммит ШЫҰ дамуындағы шын мәніндегі маңызды оқиғаға айналуы үшін бар күш-жігерді салуға шақырды.

Онымен Қытайдың Ресейдегі Елшісі Чжан Ханьхуэй де келісті. Ол Қазақстанның төрағалығы аясындағы жемісті жұмысын Қытайдың жоғары бағалайтынын айтып, Астанада өтетін алдағы саммитті Ұйым тарихында жаңа тарауды ашатын ШЫҰ өміріндегі ең маңызды оқиға деп атады.

Тәжікстанның Ресейдегі Елшісі Давлатшох Гулмахмадзоданың айтуынша, ШЫҰ бүгінгі таңда өзінің жасампаздық жоспарымен аймақ пен әлемде ықпалды фактор болып табылады. "Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық ШЫҰ-ның басымдығы болып табылады. Оның қауіпсіздіктің тиімді архитектурасын құрудағы үлесі артуы керек, өйткені ШЫҰ-ның сыртқы шекараларының периметрі бойындағы жергілікті қақтығыстардың ауырлығы әлі де азайған жоқ", – деп атап өтті дипломат.

Иранның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі Хусейн Малики ШЫҰ-ны аймақтағы сындарлы ынтымақтастықтың негізгі тетіктерінің бірі деп атады. Оның айтуынша, аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша көзқарастары ұқсас дос елдердің өзара іс-қимылы Ұйымды серпінді орталыққа айналдыра алады.

Бұл ретте қазақстандық саясаттанушы және қоғам қайраткері Марат Шибұтов ШЫҰ-ның негізгі міндетін өзінің ұлттық валюталарын пайдалана отырып, баламалы қаржы жүйесін құру деп санайды, әйтпесе логистика, сауда, инвестициялар осал болады. Сондай-ақ, сарапшы өзара қарама-қайшылықтары бар елдердің (Үндістан мен Пәкістан) ШЫҰ-ға мүше болуы жағдайында бұл қақтығыста бейтарап болып табылатын Қазақстан сияқты орта державалардың рөлі артып келе жатқанын атап өтті.

Қытай және қазіргі Азия институтының ғылыми қызметкері Александра Перминова Қазақстанның әділ бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік туралы бастамасы ШЫҰ-ның блоктан тыс үлгідегі ұйым ретінде орналастыру тұрғысынан ғана емес, тұтастай алғанда, жалпы жаһандық даму және дүние жүзіндегі көпшілік елдердің пікірін білдіру тұрғысынан да маңызды және көрнекі қадам болып табылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, оның қатысушылары Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы оның қызметіндегі жаңа, жауапты кезеңмен тұспа-тұс келгенін, ұйымды бірлескен күш-жігермен дамудың жаңа траекториясына шығаруға, оған жаңа сапа мен динамика беруге болатынын атап өтті. Бұл тұрғыда алдағы Астана саммитінің қорытындысы бойынша қабылданатын шешімдер еуразиялық кеңістіктегі үдерістердің қозғалтқышына айналуы мүмкін және ШЫҰ-ға сапалы ілгерілеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.