8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығымен бірлесіп, Қазақстанның Ұйымға төрағалық ету қорытындылары бойынша ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Миннің қатысуымен Қытайда аккредиттелген БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін ұйымдастырды.
ШЫҰ Бас хатшысы өз сөзінде қазақстандық төрағалықтың ерекше жетістіктерін атап, оның қорытындысы ретінде болған ШЫҰ Астана саммитінде Қытай тарапына ресми түрде төрағалықты тапсырылғаны туралы хабарлады.
Ч.Мин жыл бойы қазақстандық тарап экономика, инвестиция, көлік, мәдени-гуманитарлық және экологиялық салаларда 150-ден астам іс-шара ұйымдастырғанын айтты.
Астана саммитінің жоғары деңгейі мен қатысушылары туралы айта келе, Ч.Мин ШЫҰ мүше мемлекеттерден басқа БҰҰ Бас хатшысының, Моңғолия, Түрікменстан, Әзербайжан, Қатар, Түркия, БАӘ көшбасшыларының және халықаралық ұйымдар басшыларының қатысқанын атап өтті. Саммит шеңберінде 25 құжат, оның ішінде Астана декларациясы, Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы ШЫҰ бастамасы, 2025-2027 жылдарға арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастық бағдарламасы, 2024-2029 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегия, Энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған ШЫҰ Экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және т.б құжаттар қабылданғаны туралы жеткізді.
Ч.Мин Ұйымның 10-шы мүшесі – Беларусь Республикасының ШЫҰ қатарына кіруін және ү.ж. 6 шілдеде ШЫҰ Хатшылығының алдында оның мемлекеттік туын көтеру рәсімі өткені туралы айтты.
Қазақстанның ШЫҰ Хатшылығы жанындағы Тұрақты өкілі Нұрлан Аққошқаров өз кезегінде қатысушыларды 2023 жылғы шілдеде Қытайдағы ҚР Елшілігі, ШЫҰ Хатшылығы және ШЫҰ Тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі қытай комитеті арасында бекітілген бірлескен жоспардың толығымен жүзеге асырылғаны туралы хабардар етті.
Қазақстан дипломаты ҚР төрағалығы кезінде іс-шараларды ұйымдастыруда белсенді қолдағаны үшін барлық тараптарға алғыс айтып, қытай тарапын Ұйымға төрағалық ету эстафетасының қабылдауымен тағы да құттықтады. Сонымен қатар, 2025 жылы жарияланған ШЫҰ Тұрақты даму жылы өткізуде оларға табыс тіледі.