Ресейдегі Қазақстанның консулдық мекемелерінің «жедел желі» телефондары
  • Мәскеу

    8-925-897-71-14

  • Санкт-Петербург

    8-921-188-90-60

  • Қазан

    8-905-020-30-42

  • Омбы

    8-968-100-73-06

  • Астрахань

    +7-906-177-70-88

  • Екатеринбург

    +7-939-919-76-33

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясындағы басымдықтар ілгерілеуде

19.05.2024

Астанада қазақстандық тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымыға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Іс-шараның күн тәртібінің өзекті мәселелері - 20-21 мамырда Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына дайындық жұмыстары болды. Кеңеске қол қоюға ұсынылатын негізгі құжаттардың тізбесі бекітілді.

Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ-дағы саясат, қауіпсіздік, экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған құжаттарды қарастырды.

Астана декларациясын, ШЫҰ-ның "Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы" бастамасын, сондай-ақ өңірлік дамудың өзекті мәселелерін шешу бойынша Ұйымның ағымдағы қызметінің бірқатар басқа да құжаттарын дайындау жұмыстары жалғасты.