8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Ақтөбе облысы Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде, Еуропа мен Азияның екі бөлігінде орналасқан. Аумағының солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 700 шақырымнан астам, шығыстан батысқа қарай 800 шақырымнана астам. Қазақстан Республикасының көлемі бойынша екінші облысының алаңы 300,6 мың ш.км құрайды және елдің 11% жуық аумағын алады.
Ақтөбе Қазақстанның алты облысымен шектеседі. Бұл Қазақстанның ТМД елдерімен тікелей шектесетін жалғыз өңірі. Солтүстікте – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстікте – Өзбекістанның Қарақалпақ автономдық облысымен. Оның үстіне, облыс, республиканың шығыстан басқа барлық өңірлерімен аумақтық байланысты.
Ақтөбе облысының инвестициялық тартымдылығын қаматамасыз ететін негізгі факторлар:
Көліктік-географиялық жағдайы – көлік айырымдарының дамуы мен тарнзиттік жолдардың арқасында маңызды стратегиялық торап болып табылады. Бұл жерде Орта Азияны Ресейдің Еуропалық бөлігімен және Өзбекістанмен байланыстыратын транзиттік авиа және автомобиль магистральдарының бірнеше бағыты қиылысады;
Қазақстан Республикасы үшін Ақтөбе облысының экономикалық және стратегиялық маңызы зор. Оның территориясын табиғи байлықтардың айрықша қазынасы деп үлкен сеніммен атауға болады. Аймақ – хром қоры бойынша әлемде алдыңғы қатарда, оның көлемі 400 миллион тоннадан асады. Жер қойнауынан титанның жалпыреспубликалық қорының 40% және никельдің 55% өндіріледі. Облыс территориясында көмірсутекті шикізаттың болжанған қоры 30% құрайды, мұнайдың өнеркәсіптік қоры бойынша облыс республикамызда үшінші орында. Мұнда алтын, күміс, мыс, мырыш, кобальт, каолин, фосфорит, мұнай-битумдық жыныстардың және құрылыс материалдарын өндіру үшін шикізаттардың ірі кен орындары бар.
Еліміздің өнеркәсіптік дамыған ірі аймағының электроэнергия, газ, сумен қамтылуы және білікті кадрлармен қамтамасыз етілуіне орай инвестициялық әлеуеті зор.
Облыс әлемдік атағы бар кәсіпорындарымен белгілі. «Қазхром» трансұлттық компаниясы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты», «Актюбрентген», «Ақтөбе мұнай құрал-жабдығы зауыты», «Ақтөбе металл құрастыру зауыты». Ақтөбе рельс-арқалығы зауыты да дамып келеді. 80 кен өндіруші қатарында «СНПС-Актобемунайгаз», «Казахойл Актобе» ЖШС, «Урихтау Оперейтинг» ЖШС және т.с.с.
Әлеуетті инвесторларға келесі жеңілдіктер ұсынылады:
Салықтан босату
Кеден баждарынан босату
Заттай гранттар
Инвестициялық субсидия
Жұмыс күшін жалдауды жеңілдету
Заңның тұрақтылығы