8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай "Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған қолбасшы" атты көрме өтті.
Көрмеде Бауыржан Момышұлының жеке күнделігі, 1955-1956 жылдары Калинин қаласында пайдаланған қойын дәптері, соғыс кезіндегі қолданған жеке картасы, портреті, фото-суреттері, қаһармандық ерлігі туралы жазылған көркем туындылар мен Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи кітаптар қойылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінің жас ұландары, студенттер мен архив қызметкерлері, тарихшы, ғалымдар қатысты.