Туризм

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

Солтүстік Қазақстан ең алдымен өзінің ерекше табиғатымен танымал (сілтеме – 5-б, 4-т – Ландшафттар). Өңірдің көрікті жерлеріне Астана, Қостанай, Павлодар және Қарағанды қалаларынан жету ыңғайлы.

Солтүстік Қазақстан – флора мен фаунаға бай ормандар, өзендер мен мөлдір көлдер өлкесі. Жыл сайын Солтүстік Қазақстан өңірінің инфраструктурасы жақсарып, мұндағы демалыс бірқатар көрсеткіштер негізінде көптеген туристтерді қанағаттандырады.

Осындай демалыстың жарқын мысалы ретінде Бурабай демалыс аймағын атауға болады.

Бурабай

Бурабай Ұлттық саябағы, немесе Боровое, Нұр-Cұлтан қаласынан ыңғайлы жоғары жылдамдықты трасса арқылы 3 сағаттық қашықтықта орналасқан (270 км). Нұр-Cұлтанның туристік фирмалары туристтерге Бурабайға сапардың алуан түрлі жолдарын ұсынады: шипажайларда не жалдамалы үйлерде бір күндіктен бір айлық жолдамарға дейін.

Бурабайдың ерекшелігі, табиғатының көз тартар сұлулығы, ауасының тазалығы таң қаларлық. Оған қоса, таулар, мөлдір таза көлдер мен ормандары – нағыз жазира көгал болып көрінеді.

Бурабай Ұлттық саябағында 14 ірі көлдер орналасқан, соның ішінде: Бурабай, Шортанды (Щучье), Қотыркөл және басқа да көптеген ұсақ көлдер. Теңіз деңгейінен 947 метр биіктікте орналасқан Көкшетау тауын аймақтың аса көрікті белгісі деп атайды. Оңтүстігінде биіктігі 690 м Бурабай тауы орналасқан. Аймақтың тағы бір көрікті тұстарының бірі - Бурабай көліндегі Көгілдір шығанағы (Голубой залив). Шығанақтан Жұмбақтас атты су астындағы жартасы көтеріледі. Оған әртүрлі тұстан не нүктеден қараса, қолаң шашты жас қыз келбетін көруге болады, ал кейін орын ауыстырып қараса, әлгі жас қыз келбеті алдымен әйел болып және соңында қартайған кемпір келбетіне ауысатынын көруге болады. Тағы бір әйгілі жартас - пілге ұқсайтын Оқжетпес жартасы.

Бурабай өлкесінде көптеген қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіші туристтердің демалыстың қандай түрін жоспарлағанына байланысты, бес жұлдыздылардан қарапайым қолайлықты қонақ үйлерге дейін бар.

Баянауыл

Баянауыл Ұлттық саябағы да Қазақстанның ең көрікті аймақтарының бірі болып саналады. Мұнда негізінен Қарағанды немесе Павлодардан, Баянауылдан 100 км қашықтықта орналасқан Екібастұз қаласы арқылы бару ыңғайлы.

Бурабай секілді 450 шаршы шақырым аумақты алып жатқан таулы – орманды Баянауыл көгалы өзінің керемет көлдерімен әйгілі. Олар, негізінен, жағаларында демалыс орындары, пансионаттар, ағаш үйлер және т.б. орналасқан Сабындыкөл, Торайғыр және Жасыбай көлдері.

Сонымен қоса, Баянауыл туристтерді өзінің таңғажайып жартастары мен құздары (Кемпіртас, Көгершін, Атбасы, Тас Жастық және т.б.), үңгірлер мен тау қуыстары, және де тік жіңішке шатқалдарымен қызықтырады.

Сондай-ақ, бұл өңірді, әсіресе Баянауыл көлін, келіп тамашалаудың тағы бір себебі - балық аулап сергуді жаны сүйетіндер үшін таптырмас мекені болуында.

Зеренді

Зеренді көліне Көкшетау қаласы арқылы бару ыңғайлы. Нұр-Cұлтандан Зерендіге дейін жеңіл көлік немесе автобус арқылы 310 км құрап, 3-4 сағат уақыт алады.

Зеренді табиғаты Бурабайға өте ұқсас. Өңірге өздерінен жоғарыда арнайы төбелер мен тау жүйелерінен тұратын жазықтар тән болып келеді. Зеренді – теңіз деңгейінен 370 метр биіктікте орналасқан, құрылымы тектоникалық болып келетін көл. Бұл жасыл аймақ тынық ормандарымен, хош иісті шөптерімен және қайын-қарағай сұлулығымен көз тартады.

Көлде мекендейтін шортан, рипус, тұқы, мөңке балық, алабұға, торта балықтары өлкенің барлық балықшыларының көздерін қыздырады.

Қарқаралы

Қарқаралы Ұлттық саябағы Қарағанды облысының аумағында орналасқан, сондықтан Қарағанды қаласынан бару жеңілірек. Қарағандыдан Қарқаралыға дейінгі арақашықтық шамамен 220 км құрайды.

Қарқаралы – таулар, көлдер мен орман-тоғайлар мекені. Мұнда Шайтанкөл, Бассейн, Пашенное, Үлкенкөл көлдері, табиғи Тас қақпалары, ұланғайыр Палатка үңгірі, жартасты Шаңкөз шыңдары, Көктөбе, Қарқаралы, Тұрсын, Сынтас, алғашқы адам мекен еткен Малықсай шатқалындағы үңгір және басқа да табиғи және тарихи ескерткіштер бар.

Тау етегінде туристтерді күтіп, дайын тұрған ондаған демалыс үйлері мен орындары жұмыс істейтін Қарқаралы қаласы орналасқан.