Туризм

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

Шығыс Қазақстанда таулы жерден шөлге дейін, қылқан жапырақты ормандардан шексiзге ми далаға дейін табуға болады. Сонда да, шығыстағы негiзгi табиғи ландшафттар – таулар.

Тап осы жерде елдiң бірқатар негiзгi тау жоталары орналасқан (сілтеме – 5-б, 2-т – Рельеф), сол себепті бұл дүние жүзi туристерiн қызықтырады. Қыс мезгілінде бұл жерде елімізде және Ресейдiң таяудағы аудандарында танымал «Алтайлық Альпылар» деп аталатын тау шаңғысы базасы жұмыс жасайды.

Шығыс Қазақстанның көрікті жерлеріне Семей және Өскемен қалалары арқылы жеткен дұрыс. Бұлар - Шығыс Қазақстан облысының әуежайы бар ең iрi қалалары (Өскеменде – халықаралық әуежай), сондықтан бұл аймаққа оңай жетуге болады.

Зайсан

Зайсан көлі (сілтеме – 5-б, 3-т– Гидрография) – Шығыстағы ең үлкені. Зайсанға Өскемен арқылы да, Семей арқылы да жетуге болады.

Зайсан – ұзындығы 100 км, ені 30 км және орташа тереңдігі 8 м құрайтын тұщы сулы көл. Зайсанға мына өзендер құяды: Қара Ертiс, Көкпекті, Жарма және басқалары және бір ғана өзен ағып шығады, ол - Ертiс.

Зайсанда балықтың 23 түрі кездеседі, оларды 17-сі кәсіптік балықтарға жатады. Сондықтан бұл балық аулаушыларды көп қызықтырады. Зайсан қазақстандық көлдердiң арасында ең ежелгілердің бiрi болып саналады. Оның басты ерекшелiгi - кешкi жұлдыздар пайда болған кезде, көл бетінде сазды әуен пайда болады.

Алакөл

Алакөл – Қазақстанның ең әдемі көлдерiнің бiрi (сілтеме – 5-б, 3-т – Гидрография). Ол Жоңғар Алатауының солтүстiк-шығыс өлкесiнде, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының шекарасында орналасқан. Сондықтан бұл жерге екі жолмен жетуге болады: біріншісі - Семейден көлдің солтүстік жағасына дейін, бұл жерге тікелей автобустар жүреді; екіншісі - Алматыдан автомобилдiк жолмен көлдің оңтүстік жағасына дейін.

Алакөл – нағыз «дала теңiзі», оның ұзындығы - 104 км, ені - 52 км, ал максималды тереңдiгі – 45 м. Көл суы - тұзды.

Көлдiң орталық бөлiгiнде үш арал орналасқан. Бұл жерде 1998 жылы түрлi флорасы және фаунасы бар Алакөл мемлекеттiк қорығы құрылған.

Көлдiң басты байлықтарының бiрi - емдiк балшық.

Алакөлдің оңтүстік жағалауында туристтiк инфрақұрылым жақсы дамыған, сондықтан бұл жер туристердің демалысы үшiн қолайлы болып табылады. Тиiстi инфрақұрылым солтүстiк жағалауда да дамып келеді.

Рахман қайнары

Рахман қайнары – Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы шипалы жылы су көзi бар сауықтыру орталығы.

Қатон-Қарағай - Қытаймен және Ресеймен шектесетін, сонымен қатар, Моңғол елінен 100 км-ден кем жерде орналасқан, Қазақстандағы ең iрi ерекше күзетiлетiн табиғи аймақ.

Рахман қайнары екi әдемі көлдiң аралығында, теңiз деңгейiнен 1750 м биiктiкте орналасқан. Бұл орындардың жер асты өзендерінде шипалы радон – граниттiң сирек кездесетін минералдарында болатын, радиоактивтi элементтердi ыдырататын өнiмдер бар. Шипалы жылы су буын ауруларын, омыртқа және жүйке жүйесi мен тері ауруларын емдеу үшiн пайдаланылады.

Жергiлiктi аңызға сәйкес, бұл ыстық бұлақты 1763 жылы маралды жаралап алған кезде Рахман немесе Рахманов деген азамат тауып алған. Әлсiзденген жануар бұл қайнарға барып, одан аман-сау шыққан.

Рахман қайнары Өскемен қаласынан 450 км жерде орналасқан. Бұл қаладан аталған орынға дейін хабарлауы бар тіке автобус жүреді.