Туризм

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Ақтөбе облысы географиялық орналасуы қолайлы. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс аумағы арқылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық маңызы бар тас жолы өтеді және Қазақстандағы ең ірі әуежайлардың бірі  Әлия Молдағұлова атындағы "Ақтөбе Халықаралық әуежайы" орналасқан.

Өңірдің табиғи байлығы мен мәдени мұрасын: XIV ғ. "Абат Байтақ" кесенесі, Ұлы Жібек жолының мұрасы – "Керуен сарай" кешені, белгілі қазақ батырлары Әбілқайыр хан, Есет Көкіұлы, Қобыланды батыр кесенелері, "Ақтолағай" таңғажайып бор таулары, "Барқын" құмдарының арасындағы ерекше қарағай орманы, сондай-ақ "Жаманшың" бірегей метеориттік кратері.