Абайдың 175 жылдық

РФ-дағы ҚР-ның Елшілігі Мәскеу ұлттар үйіне Абай шығармаларының жинақтарын сыйға тартты

25.09.2020

Бүгін Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Мәскеу ұлттар үйіне барып, Абай Құнанбаев шығармаларының жаңадан басып шығарылған жинақтарын табыстады. Еске сала кетелік, ұлы ақын һәм ойшылдың 175 жылдығын мерекелеу шеңберінде және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес кітаптар әлемнің түрлі тілдерінде басылып шығарылған болатын.

Абай шығармаларының орыс тіліндегі алғашқы аудармалары ХХ ғасырдың басында-ақ жарық көріп, одан кейінгі жылдары бірнеше мәрте аударылып және қайта басылып шығарылғанымен, ағымдағы жинақта оның өлеңдері мен «Қара сөздерінің» жаңа аудармасы жүзеге асырылды, аудармашы ақындардан жеке топ құрылды. Абайдың бірқатар өлеңдері, поэмалары мен «Қара сөздерінің» орыс тіліне жаңа аудармасы жасалды.

"Біз Қазақстан Елшілігімен достық пен ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз, кітаптар үшін алғысымызды білдіреміз, оларды біз Мәскеудің ұлттық-мәдени автономияларының басшыларына, Достық Үйлеріне және басқа ұйымдарға табыстаймыз. Біздің ішкі дүниемізді байытатын және шығармашылық әлеуетімізді дамытатын осындай сыйлықтар үшін дән ризамыз", – деп атап өтті Мәскеу ұлттар үйінің маманы Гүлнара Ысқақова.