Абайдың 175 жылдық

"Абай оқуларын" Мәскеуде қазақ ұлтының өкілдері ақын ескерткішінің жанында өткізді

13.07.2020

Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының өкілдері "Мәскеу ұлттар үйі" МБМ-мен бірлесіп қазақтың ұлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай оқуларын" өткізді.

Мәскеудің орталығында, қазақ жазба әдебиетінің алғашқы классигі ескерткішінің жанында белгілі музыкашылар, әртістер, студенттер мен Абай шығармашылығы бей-жай қалдырмайтын қарапайым қауым қатысқан символдық акция өтті. Олардың арасында "Этно-саунд" тобының жетекшісі композитор Талғат Хасенов, жас әртістер Таңнұр Хасенов, Азамат Бижанов, құрметті ақсақал Амантай Рахметов және басқа көптеген адамдар болды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы, "Мәскеу ұлттар үйі" МБМ Мәдени-ағартушылық жұмыс бөлімінің шығырамашылық жанрлар бойынша маманы Гүлнар Ысқақова атап көрсеткендей, мәскеуліктер Чистые прудыдағы іс-шараны шабыттана қарсы алды, өлеңдер мен әндерді ықыласпен тыңдады.

 Біздің импровизациялық концертіміздің нағыз қызған шағында қасымызға  отбасылық жұп келді, олардың екеуі де Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласының тумалары болып шықты. Олар біздерді Абайдың алдағы мерейтойымен құттықтады, біздер болсақ оларға және өзге де жиналғандарға бауырсақтан ауыз тиюді ұсындық,  деп әңгімеледі ол.

Атақты ақын және философтың мерейтойына қатысты жоспарларға пандемия салдарынан түзетулер енгізілген болатын, алайда жақын уақыттарда "Абай оқуларының" екінші кезеңі күтілетінін және онда жоспарланған іс-шаралардың барлығын іске асыруға тырысатындықтарын ұйымдастырушылар атап өтті.

Еске сала кетелік, Абайдың айбынды ескерткіші Чистые прудыда, Ресейдегі Қазақстан Елшілігі ғимаратының қасында екі ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысумен 2006 жылы ашылған болатын.