Абайдың 175 жылдық

"Астана Опера" мен "Большой" театры Мәскеуде "Абай" операсын ұсынады

4.02.2020

Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі мен екі астананың басты театрларының бірлескен жұмысы нәтижесінде "Астана Опера" ұжымы өз гастролін Ресейдің "Большой" театрының тарихи сахнасында өткізу туралы келісімге қол қойды.

Екі театрдың жетекшілері – Ғалым Ахмедьяров пен Владимир Урин үстіміздегі жылдың 5-11 қыркүйек аралығында Ресей көрермендеріне Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің музыкасына және Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған "Абай" операсын ұсынады. Сонымен қатар, өнер сүйер қауымға Морис Джардың музыкасына қойылған "Notre Dame de Paris" балеті ұсынылады. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен өтуде.

Ресейдің "Большой" Мемлекеттік академиялық театрының бас директоры Владимир Урин мен "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров құжатқа қол қойып, болашақтағы ынтымақтастық ресми емес, достық және тең құқықты серіктестік негізінде жалғасатынына сенім білдірді.

"Біз Ресейдің жетекші театрларымен бірлесіп жұмыстанудамыз. "Большой" театры – Ресейдегі тарихы бар негізгі театр орындарының бірі. Қазақ режиссерлары әйгілі Мәскеу сахнасында бірнеше рет өнер көрсетті. Театр ұжымы оның қызметіндегі ең бастысы - ұлттық өнердің шедеврлерінің орындалуы және бұл туындылардың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде де ұсынылу керек деп санайды. "Астана Опера" театрының Ресейдің "Большой" театрының тарихи сахнасына гастрольдік сапары, бұл Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығына жаңа серпін береді", – деді "Астана Опера" театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.