Жаңалықтар

Қазақстан мен Югра өңірлері ынтымақтастықты дамытуда

12.03.2025

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Дәурен Абаевтың Ханты-Мансийск автономиялық округі – Югра губернаторының бірінші орынбасары Алексей Забозлаевпен кездесуі өтті.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Ханты-Мансийск автономиялық округі (ХМАО) - әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші аймақтардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан өзара іс-қимылға, тәжірибе алмасуға және осы бағыттағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі.

Өңірде ағаш шикізатының бай қорының болуы Қазақстанда өсіп келе жатқан құрылыс көлемін және жиһаз өнімдеріне жоғары сұранысты ескере отырып, екіжақты байланыстарды жандандыру үшін перспективалар ашады.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Қазіргі уақытта Югра мемлекеттік университетінде 80-нен астам қазақстандық жұмыс істейді және оқиды.

Ресей Федерациясының субъектілері арасында ХМАО цифрлық салада жетекші орын алады. Осыған орай, Елші алдағы 25-27 маусымда Ханты-Мансийск қаласында өтетін XVI Халықаралық IT-форумға қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдірді. Іс-шара IT-саласындағы өзекті тенденциялар мен инновациялық шешімдер бойынша диалог үшін беделді алаң болып табылады.

Сондай-ақ, Д.Абаев этнографиялық, экологиялық, емдік-сауықтыру және спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін Юграның бай және алуан түрлі туристік әлеуетін атап өтті. Салыстырмалы түрде жақын географиялық орналасуы қазақстандықтардың бұл өңірге белсенді сапарлары үшін жақсы мүмкіндіктер ашады.

Кездесу қорытындысы бойынша оның қатысушылары өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруда жан-жақты қолдау көрсетуге келісті.