8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Тверь облысына жұмыс сапары өтті.
Өңір губернаторы Игорь Руденямен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта машина жасау, металл өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіпте белсенді өзара іс-қимыл жолға қойылған.
Атап айтқанда, Қазақстанда Тверь вагон жасау зауытының өнімдері үлкен сұранысқа ие. Кең теміржол желісі және дамушы өнеркәсібі бар Қазақстан теміржол паркін жаңартуға және компоненттердің жеткізілуіне мүдделі. Кәсіпорынды аралау барысында Елші одан әрі ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында бизнес өкілдерінің қатысуымен бірлескен іс-шара өткізу бастамасы көтерілді.
Білім беру саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда. Қазіргі уақытта Тверь қаласының оқу орындарында 40-қа жуық қазақстандық студент оқиды.
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тараптар бірлескен мерейтойлық іс-шараларды өткізуге уағдаласты. Елші Тверь жерінде қаза тапқан отандастар ерлігінің ұмытылмағанына ризашылығын білдірді. Ржев қаласында қазақстандық 100-ші және 101-ші дербес атқыштар бригадаларының жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешен орнатылған.
Кездесу соңында Д.Абаев И.Руденяны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.