8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің және Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Сергей Шойгудың төрағалығымен өткен келіссөздер барысында өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл секілді өңірлік қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ Каспий аймағындағы ахуалдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы жөнінде пікір алмасты.
Консультациялар Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында қабылданған ынтымақтастық жоспарына сәйкес тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Жиын қорытындысы бойынша 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.