8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Vоstok пікірталас клубының "Туризм: Азия" тақырыбындағы отырысына қатысты.
Іс-шара Росконгресс Қорының қолдауымен "Комсомольская правда" медиа тобының алаңында өтті.
Кездесуге Мәскеуде аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, туризм саласының өкілдері, туризм саласындағы сарапшылар мен мамандар қатысты.
Дөңгелек үстелді аша отырып, Vostok пікірталас клубының бағдарламалық директоры Сергей Рыбаков Азия-Тынық мұхиты аймағының бай мәдени және тарихи көрікті жерлері миллиондаған саяхатшыларды қызықтыра алатынын, мәдениетаралық алмасуға және тереңірек түсіністікке ықпал ететінін атап өтті. Оның бағалауы бойынша, қазіргі уақытта Азия әлемдік туристік сектордың негізгі және ірі ойыншыларының бірі болып табылады.
Өз тарапынан Д.Абаев Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев туристік инфрақұрылымды одан әрі жақсартуға және салаға шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған тапсырмалардың орындалуын қатаң қадағалайтынын еске салды. Қазіргі уақытта Қазақстанда туризм саласында шамамен 0,5 млн. адам жұмыс істейді, салаға тартылған инвестициялар көлемі $1,6 млрд. жетті, ал көрсетілген қызметтер көлемі қазірдің өзінде $476 млн. құрайды. Елші Республиканың туристік тартымдылығына 83 елдің азаматтары үшін визасыз режим, сондай-ақ "Ашық аспан" режимін енгізу ықпал ететінін атап өтті. "2024 жылы шетелдік туристер саны шамамен 10 млн. адамды құрады, бұл тартымды туристік бағыт ретінде Қазақстанға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын растайды. Қазақстан Ресей және ТМД елдерінің туристері үшін де, сондай-ақ алыс шетелдерден қонақтар үшін де саяхаттаудың трендті бағыттарының біріне айналуда", – деп атап өтті Д.Абаев.
Іс-шара барысында оның қатысушылары Азияны әлемдегі ең бірегей туристік бағыттардың бірі және туристік инновациялар орталығы деп атады. Мәселен, 2024 жылы Азия-Тынық мұхиты аймағына 316 млн. турист келген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78 млн. адамға көп. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша әлемнің осы бөлігіндегі туризм мәдени тәжірибелерді қорғауға және ілгерілетуге ықпал ететіні, экономикалық пайда әкелетіні және жергілікті қоғамдастықтарға мақтаныш және осы салаға деген қызығушылық сезімін ұялататыны атап өтілді.