Жаңалықтар

ҚР Ресей Федерациясындағы Елшісі Д.Абаев Бурятияда болып қайтты

7.02.2025

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Бурятия Республикасына жұмыс сапары өтті.

Өңір басшысы Алексей Цыденовпен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар өзара сауда-саттық пен өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мәселелерін талқылады. Бұл тұрғыда өзара іс-қимылдың сәтті үлгісі ретінде Ұлан-Удэ авиациялық зауытымен бірлескен жобаны атауға болады.  Осы күні Елші кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасады. Атап айтқанда, Бурятия Қазақстанға 11 мыңнан астам асыл тұқымды мал жеткізкен. А.Цыденов атап өткендей, республика басшылығы осы бағыттағы перспективаны көріп, экспортты одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Кездесуге қатысушылар көлік-транзиттік әлеуетті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұған Еуразия аймағының негізгі логистикалық торабы ретінде Бурятияның қолайлы географиялық жағдайы стратегиялық оң ықпал етеді.

Д.Абаев Бурятияның көркем табиғатына ерекше назар аудара отырып, туристік және экологиялық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді.

Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық тақырыбына ерекше назар аударылды. Фашизмге қарсы бірлескен күрестің тарихи маңыздылығы атап өтілді. Ата-бабалардың ұлы ерлігінің құрметіне Елші Ұлан-Удэдегі Жеңіс мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Кездесу қорытындысы бойынша жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыру келісілді.