8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстан СІМ-де Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылы талқыланды.
Уағдаластықтарды іске асыруға және алдағы бірлескен іс-шараларды биік және жоғары деңгейде дайындауға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге өзара бейілділік расталды.