8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың Карелия Республикасына жұмыс сапары өтті.
Өңір басшысы Артур Парфенчиковпен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстан Карелияның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады және ТМД елдері арасында тауар айналымы бойынша екінші орында тұр.
Тараптар өзара іс-қимылды жандандыру және кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстар мәселесін талқылады. Перспективалы бағыттардың ішінде ағаш және тау-кен өнеркәсібі кешеніндегі, тамақ және химия, металл өңдеу өнеркәсіптеріндегі ынтымақтастықты атап өтуге болады.
Кездесуге қатысушылар көлік-транзиттік әлеуетті дамытудың маңыздылығын, бұған Карелияның қолайлы географиялық жағдайы ықпал ететінін атап өтті.
Д.Абаев Карелияның көркем табиғаты мен бірегей ескерткіштерге бай тарихы пен мәдениетіне ерекше назар аударды. Осыған байланысты ол мұражай және туристік салаларда ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық тақырыбына ерекше назар аударылды, оның ішінде Карелия аумағында қаза тапқан сарбаздарды, олардың арасында қазақстандықтарды іздестіру және олардың есімдерін мәңгі есте сақтау.
Кездесу қорытындысы бойынша жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыру келісілді.
Сапар соңында Елші берік іскерлік байланыстар орнату мақсатында, "Инженерный центр пожарной робототехники "ЭФЭР", "Русский Лесной Альянс" ЖШҚ, "АЭМ-Технологии" АҚ, "Петрозаводскмаш Горно-Металлургический комплекс" ЖШҚ сияқты жергілікті кәсіпорындарды аралап, олардың жұмысымен танысты.