Жаңалықтар

Мәскеуде қазақ киносының күндері өтуде

3.12.2024

ХШЖК-нің "Қазақстан" павильонында "Азия және Еуропа синтезі" атты қазақстандық фильмдердің көрсетілімі басталды. Бағдарламаға қазақстандық режиссерлердің соңғы жылдардағы ең жарқын туындылары кірді.

Ашылу салтанатында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев сөз сөйлеп, бұл іс-шараның Қазақстан мен Ресей арасындағы белсенді екіжақты қатынаста маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақ киносы әрқашан халықтың тарихы, мәдениеті мен дәстүрлерінің айнасы болған. Ол Ресейдегі Қазақ киносының күндері жыл сайынғы дәстүрге айналатынына, ал көрермендердің осы туындылар арқылы Қазақстанмен таныстығы артатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Құрманбек Жұмағали бұл жобаның көптен жоспарланғанын және оның Мәскеуден басталғанын атап өтті. "Біз режиссерларымыздың үздік туындыларын әкелдік. Кино – бұл идеология, тәрбие, тарих. Сондықтан мен қазақстандық кинематографқа жаңа сапалы картиналар тілеймін!" – деді ол.

Көрсетілім қазақтың атақты музыкалық тобы "Дос-Мұқасан" туралы фильммен ашылды.

Әрі қарай көрермендерге мынадай туындылар ұсынылатын болады:

4 желтоқсан күні сағат 15:00-де "Боксшы" фильмі – Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев туралы;

4 желтоқсан сағат 18:00-де "Патриоттар уақыты" – бұл борыш пен батылдық туралы қызықты атыс-шабыс жанрындағы фильм;

5 желтоқсан күні сағат 15:00-де "Набат» операциясы" – кепілге алынған автобус жолаушыларын босату операциясы туралы 1992 жылы болған шынайы оқиғаға негізделген фильм;

5 желтоқсан күні сағат 18:00-де "Қажымұқан" фильмі – әйгілі қазақ балуанының өмірі туралы.

Сеанстарға кіру тегін.