8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Lonely Planet сарапшылары жыл сайын саяхатшылардың, қызметкерлердің, авторлардың және туризм саласындағы басқа да мамандардың ұсыныстарына сүйене отырып, бағыттарды мұқият іріктейді. 2025 жылғы таңдау басқа елдер арасында өзінің бай тарихымен, алуан түрлі табиғатымен және бірегей мәдени мұрасымен ерекшеленетін Қазақстанға түсіп отыр.
"Қазақстанның Lonely Planet сияқты беделді басылымның Best in Travel 2025 рейтингіне енуі әлем бойынша Қазақстан туризміне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Елдің шынайы мәдениеті мен алуан түрлі табиғатын халықаралық деңгейде ілгерілетуді жалғастыра отырып, біз тұрақты туризм принциптерін ұстанамыз", – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Lonely Planet-тің контент жөніндегі аға вице-президенті және атқарушы редакторы Нитя Чамберс: "Best in Travel 2025 – бұл біздің жыл сайынғы әлемге арналған жүрекжарды жолдауымыздың соңғы нұсқасы. Біз осы басылымға енгізілген бағыттарды мақтан тұтамыз және ұсыныстарымыздың негізінде жатқан терең түсінікпен және жергілікті біліммен бөлісуге қуаныштымыз. Біздің тізім саяхатшыларды келесі жылы жаңа бағыттарды ашуға шабыттандыратынына сенімдіміз", – деп атап өтті.
Осы беделді басылымның тізіміне енген Қазақстан ежелгі дәстүрлер мен заманауилық тоғысқан ел ретінде сипатталады, келген әрбір саяхаттаушы ерекше сезімге ие болатыны сөзсіз. Lonely Planet басылымында: "Қазақстан – бұл жай ғана саяхаттайтын жер емес, ол ашылуы тиіс тұтас әлем, міндетті түрде саяхаттауға тұрарлық және өзіңізді тарихтың бір бөлшегі ретінде сезінетін ел. Ежелгі Жібек жолының сыбдыры Қазақстан қалаларын қоршап тұрған шексіз далада да сезіледі", – делінген.
Әлемге танымал өзге туристік басылымдар да Қазақстанның туристік әлеуетін жоғары бағалайды. Мәселен, "Conde Nast Traveller" және "Wanderlust" басылымдары Қазақстанды 2024 жылғы саяхаттауға арналған әлемдік үздік өңірлердің тізіміне енгізген болатын. Сондай-ақ, Алматы қаласы "The New York Times" нұсқасы бойынша 52 үздік туристік бағыттың қатарына кірді.
Анықтама:
Lonely Planet – бұл саяхаттар туралы егжей-тегжейлі кеңестер мен ұсынымдар беретін жетекші халықаралық жолнұсқалар мен туристік ақпараттар баспагері. Басылым 1973 жылдан бастап, 50 жылдан астам уақыт шығып келеді. Lonely Planet 14-тен астам тілде жолнұсқалар шығарады және 195 елді қамтиды. Lonely Planet тек саяхаттау бағыттары туралы ақпаратты ұсынып қана қоймай, сонымен қатар баруға болатын үздік өңірлер туралы мақалалар мен тізімдерді жариялап, Best in Travel рейтингі арқылы адамдарды саяхаттауға шабыттандырады.
Best in Travel – бұл әлемдік туристік қауымдастық үшін айрықша және маңызды оқиға, ол ең өзекті және үлкен шабыт беретін саяхат бағыттарын ұсынады. 2025 жылы бұл жыл сайынғы рейтинг 15-ші рет шығатын болады. Рейтингте бірегей әсер беретін және тұрақты туризм принциптерін ұстанатын елдер мен өңірлерге басты назар аударылады.