Жаңалықтар

Ресейдегі қазақстандықтар АЭС туралы Референдумда дауыс берді

6.10.2024

Бүгін Қазақстан Республикасының азаматтары Мәскеудегі ҚР Елшілігі мен Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбы қалаларындағы ҚР Бас консулдықтарында ашылған сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты Референдумда дауыс берді.

Елшілік дауыс берудің мәтіндік трансляциясын жүргізді (Мәскеу уақыты):

Ресейдегі сайлау учаскелерінің комиссия мүшелері бюллетеньдерді санау рәсіміне кірісті.

20:00. Мәскеуде сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Дауыс беруге 79,6% қатысты.

20:00. Қазанда сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Дауыс беруге 100% қатысты.

20:00. Санкт-Петербургте сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Дауыс беруге 65,6% қатысты.

19:00. Астрахандағы сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Дауыс беруге 100% қатысты.

17:00. Омбыдағы сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Дауыс беруге 70% қатысты.

17:00. Ресей Кеден академиясының студенттер.

16:00. Жергілікті уақытытпен сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, Мәскеудегі сайлау учаскесі бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 64%  дауыс берді.

15:00. Жергілікті уақытытпен сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша, Мәскеудегі сайлау учаскесі бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51%  дауыс берді.

12:15. Мәскеудегі сайлау учаскесіне дауыс берушілер отбасыларымен бірге келуде.

12:00. Жергілікті уақытытпен сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша, Мәскеудегі сайлау учаскесі бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 30%  дауыс берді.

11:00. Жергілікті уақытытпен сағат 11:00-дегі мәлімет бойынша, Мәскеудегі сайлау учаскесі бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 25%  дауыс берді

   

09:00. Жексенбі күніне қарамастан, Мәскеуде сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Келушілерге ыстық шай мен бауырсақ ұсынылады.

07:10. Мәскеудегі учаскеге алғашқы дауыс берушілер қатарында Гүлназ Қалиасқарова да болды. "Елімнің болашағы шешіліп жатыр.  Өзімнің азаматтық тұрғыдан міндетім деп есептеймін және азаматтық ұстанымыма орай дауыс бердім", – деп айтты.

07:05. Мәскеудегі учаскесінде бірінші дауыс берген  Еуразиялық экономикалық комиссиясының қызметкері Ақын Есполлаев болды. "Мен Қазақстанның болашағы үшін, елімнің экономикасының дамуы үшін дауыс бердім", – деп бөлісті.

  

07:00. Санкт-Петербургте сайлау учаскесі ашылды.

  

07:00. Қазанда сайлау учаскесі ашылды.

  

  

07:00. Мәскеуде сайлау учаскесі ашылды

  

06:00. Астраханда сайлау учаскесі ашылды

04:00. Омбыдағы сайлау учаскесінде дауыс беру Ресейдегі басқа қалалардан ерте басталды.