Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Орыс импрессионизм мұражайына барды

21.09.2024

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Орыс импрессионизм мұражайына барды.

Экспозицияны қарау және мұражай директоры Юлия Петровамен әңгімелесу барысында екіжақты байланыстарды дамыту, бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Орыс импрессионизм мұражайы 2016 жылы көпшілікке ашылды. Оның коллекциясында XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс суретшілерінің туындылары бар. Тұрақты экспозицияда – К.Коровин, В.Серов, С.Жуковский, И.Грабар және К.Юонның картиналары.