8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (университетінде) (ММХҚИ) болып қайтты.
ММХҚИ Ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу барысында 30 қыркүйекте Астанада өтетін ЖОО-ның 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараға дайындық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Қазақстандық студенттерді оқытудың әртүрлі аспектілері қарастырылды (115 адам).
Д.Абаев ЖОО-ның жоғары білікті кадрларды даярлаудағы қызметіне алғысын білдірді. Ол ММХҚИ қабырғасынан көптеген көрнекті қазақстандық дипломаттар, саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, бизнесмендер шыққанын еске салды. Бұл ЖОО-ның бірегейлігінің, сұраныста болуының және білім беру әлеуетінің дәлелі екенін атап өтті.
ММХҚИ-да тіл дайындығына ерекше көңіл бөлінетіні белгілі. Атап айтқанда, Таяу және Орта Шығыс елдері тілдерінің кафедрасында 2020-2021 оқу жылынан бастап қазақ тілі оқытылады. Осыған байланысты Елшілік қажетті оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша жәрдем көрсетуге дайын.
ММХҚИ студенттері алдында дәріс барысында Д.Абаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тарауларымен, сондай-ақ елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық және саяси даму жағдайымен таныстырды. Қазақстандық студенттерге арнаған сөзінде Елші кейіннен елімізде қолдану үшін сапалы білім алудың маңыздылығына назар аударып, Республикамыздың одан әрі дамуындағы жас ұрпақтың маңызды рөлін атап өтті.
Соңында дипломат аудиторияның сұрақтарына жауап берді.