8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
2024 жылғы 6 қазанда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты Республикалық Референдум биылғы өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіндегі №397 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 "А" үй (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету үшін біз Мәскеудегі сайлаушылардан өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Ресей Федерациясындағы тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы) referendum.moscow@mfa.kz электронды поштасына алдын ала жіберулерін сұраймыз.
Мәскеудегі сайлау учаскесі азаматтарды қабылдауға толық дайын:
Мәскеуден басқа, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:
№422 сайлау учаскесі – Санкт-Петербург қаласы, Рылеев көшесі, 10-үй, Толығырақ
№433 сайлау учаскесі – Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, Толығырақ
№423 сайлау учаскесі – Астрахань қаласы, 1-ші Аршанская к-сі, 17 үй, Толығырақ
№424 сайлау учаскесі – Омбы қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 9-үй, Толығырақ