8-925-897-71-14
8-921-188-90-60
8-905-020-30-42
8-968-100-73-06
+7-906-177-70-88
+7-939-919-76-33
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде Елші Дәурен Абаевтың Мәскеу жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесуі өтті.
Елші кездесу қатысушыларын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен, сондай-ақ Қазақстан-Ресей қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларымен таныстырды.
Ол еліміз көптеген қызмет салалары үшін сапалы кадрлық резерв құру мақсатында мамандарды даярлауға көп көңіл бөлетінін еске салды. Осы тұрғыда, Елші сапалы білім алудың маңызды екенін, мемлекет жастарды оқыту мен одан әрі дамыту үшін қолдау көрсетуді және қолайлы жағдайлар жасауды жалғастыратынын айтты.
"Қазақстандағы жаңғыру мен реформалар үдерісі инновацияларды табуға және енгізуге қабілетті, цифрлық экономика процестерін түсінетін, ақпараттық коммуникациялар мен заманауи технологиялардың ерекшеліктерін түсінетін мамандарды үнемі толықтыруды талап етеді. Бүгін ғылым мен техниканың қарқынды дамуы соншалық, өз біліктілігін арттырмағандар кейін қалады. Сондықтан білім мен жаңа дағдыларды меңгерген адамдар ғана бәсекеге қабілетті және табысты болады", – деді Дәурен Абаев.
Кездесудің одан әрі барысы диалог түрінде өтті, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.