Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

31.07.2024

Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар министрлер аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.