Жаңалықтар

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев якут халқының Ысыах мерекесіне қатысты

14.07.2024

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Мәскеудегі "Коломенское" мұражай-қорығының аумағында якут халқының "Ысыах-2024" ("молшылық") ұлттық мерекесіне қатысты.

Якут халқының басты мерекесі жаздың басталуын білдіреді және жазғы күн тоқырауында атап өтіледі. Бұл күн құдайлары мен құнарлылыққа ғибадат етуімен байланысты, адам мен табиғаттың үйлесімділігін бейнелейді, якут халқының ерекше мәдениетінің сұлулығын айшықтайды. 2007 жылдан бастап "Ысыах" жыл сайын Мәскеуде өткізіліп келеді.

Коломенскийдегі мерекелер дәстүрлі якут батасы – алғыспен басталды. Осыдан кейін осуохайдың ұлттық салттық-рәсімдік биі орындалды, ол өмірдің шыр айналуы мен жарқын бастамалардың жеңісін бейнелейді.

Күні бойы Коломенскийде халық қолөнерінің, кәдесыйлардың, зергерлік бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі жұмыс істеді, балалар мен ересектерге арналған шеберлік сыныптары өтті. "Якутия дәмі" алаңында ұлттық тағамдар мен якут тағамдары ұсынылды.

Мереке кезінде якут күресі хапсағай спорттық жарыстар және мас-күрес – якут жекпе-жегінің түрінен турнирі өтті. Қонақтарға  эстрада әртістерінің қатысуымен концерт ұсынылды.

Д.Абаевтың "Ысыах-2024" мерекесіне қатысуы  Қазақстанның Ресей өңірлерімен, атап айтқанда, Саха Республикасымен ынтымақтастығын нығайту шеңберінде өтті. Ұйымдастырылған шара Якутия басшылығының Қазақстанға және қазақстандық делегациялардың Якутияға сапарларын қоса алғанда, тұрақты байланыстардың жалғасы болды.